03 Наурыз, 2017

Президенттің мораторий жариялау өкілеттігі сақталады

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
"Қолданыстағы Конституция бойынша Мемлекет басшысының заң шығару және заң күшіндегі қаулы шығару құқығы болған. Енді "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы" заң жобасына сай, Конституцияның 45-бабының 2-тармағына сай Президенттің бұл құзіреті алынып тасталмақ. Өздеріңіз білесіздер, тәуелсіздік жылдарында Президент үш рет мораторий жариялап, дағдарыс кезінде бұл кәсіпкерлердің қолдауын тапты, тіпті, банкрот болудан сақтады. Жаңа заң жобасы туралы кәсіпкерлердің алаңдаушылықтары бар. Қажет кезде Мемлекет басшысының мораторий жариялау құқығы сақтала ма? Егер сақталатын болса, қандай нормалар негізінде?" - деп сұрады Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Жұмыс тобы жетекшісі Әділбек Жақсыбековтен. "Мұндай құқық Президентте сақталады. Констиутцияның 45-бабының 1-тармағында Президент Конституция заңдарын сақтау бойынша республика аумағында күшіне енетін қаулы шығара алады. Сіздің сауалыңызда айтылған нормалар осы қаулылар шеңберінде шығарылады. Осы бапта Президенттің жоғарыдағы құқығы сақталады", - деді Жақсыбеков.