03 Наурыз, 2017

4-6 наурызға арналған ауа райы

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Синоптиктер 2017 жылдың 4-6 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көптеген облысында ауа райын антициклондар анықтайтын болады. Соның әсерінен аз бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы орнығады. Бірақ түнгі және таңертеңгі уақыттарда көрінуі 200-500 метр тұман болуы мүмкін. Сондай-ақ, ауа температурасы климаттық нормадан 4-7 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Еліміздің  оңтүстік және оңтүстік-шығысы алдағы үш тәулікте, бұрыңғысынша, биіктік циклондарының  ықпалында болады.  Осында көбінесе аздаған қар, тұман, көк тайғақ, ауа температурасы нормаға жуық және нормадан  1-3 градусқа төмен  болады деп күтіледі", - деді мамандар.