Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов алтыншы жекпе-жегінде гамбиялық Патрик Мендимен жұдырықтасатын болды. Қос спортшының арасындағы айқас 11 наурыз күні Ұлыбританияның Лондон қаласында өтуі тиіс болатын.
«Лондонда 11 наурыз күні жекпе-жегім өтуі тиіс болатын. Бірақ ұймдастырушылар үлкен бокс кешін өткізбек болып отыр екен. Ал мен кезекті жекпе-жегімді Польшаның Варшава қаласында шаршы алаңға гамбиялық Патрик Мендиге қарсы өткіземін. Айқас сегіз раундқа созылады. Қарсыласым әлемдік рейтингтегі үздік 50 боксшының бірі», – деді қазақстандық боксшы.
«Бұған дейінгі ұрыстарын көріп шықтым. Тәжірибелі боксшы. Көптеген титулды жекпе-жектер өткізген. Ресейлік Дмитрий Чудиновпен тең түскен. Британиялық Каллум Смитпен, франциялық Хассан Н'Жикаммен күш сынасқан. Оңай қарсылас емес», – деді жартылай ауыр салмақтағы боксшы.
Айта кетейік, 21 жастағы былғары қолғап шебері кәсіпқой бокста бес рет шаршы алаңға шығып, бәрінде жеңіспен (төрт нокаут) аяқтаған. Соңғы рет ол белорус боксшысы Владимир Харкевичтен ұпай санымен басым түсті. Айқастан кейін Ахмедов жарақат алған қолымен жұдырықтасқаны белгілі болды.
• 03 Наурыз, 2017
Боксшы Әли Ахмедовтің жекпе-жегі сәуір айында өтетін болды

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28
Қаржы • Бүгін, 09:21
Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Білім ошағындағы бірегей думан
Мектеп • Бүгін, 08:00
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше