«Қайрат» футбол клубының бас жаттықтырушысы Кахабер Цхададзе Қазақстан Суперкубогы үшін «Астанамен» өтетін матч жайлы ой бөлісті.
«Міне, жаңа маусым да басталайын деп қалды. Бұл жыл да әдеттегідей тартысты өтеді деп сенемін. Ал бүгінгі жаттығуға келер болсақ, ауа райына байланысты жоспарымызды өзгертуге тура келді. Сол үшін жаттығу жұмыстары базамызда өтеді», – деді Цхададзе.
Қазақстан Суперкубогының соңғы екі ойыны дәл осы командалар арасында өткен болатын. Екеуінде де жеңімпаз команда пенальти сериясы арқылы анықталған.
«Пенальти сериясына емес негізгі 90 минутқа көңіл бөлеміз. Ертең алаңға шығатын негізгі құрамды да жоспарлап қойдым», – деді ол.
«Астананың» оқу-жаттығу жиындарында өткен жолдастық кездесулерінің біріне Кахабер Цхадедзенің барып көргені хабарланған. Елордалықтардың ойын мәнерінде қандай өзгерістер болған екен?
«Олардың өзіндік философиясы бар. Команданың ойыны айтарлықтай өзгерген деп айта алмаймын. Бірақ оларға жаңадан Иван Маевский мен Аздрен Лулаку келді. Аздреннің ойыны ұнады. Айып алаңында барын салып ойнайды екен. Сондай-ақ, жас талант Дидар Жалмұқанды ерекше атауға болады. «Астана» қайта күшейе түскендей әсер қалдырды», – деді «Қайрат» жаттықтырушысы.
Естеріңізде болса, қос команданың арасында өткен ел Кубогының финалында тоқтаусыз қар жауып, «Қайрат» өз ойынын көрсете алмаған. Алматыға міне, тағы да қар жауды.
«Ауа райы бәріне бірдей. Астаналықтармен өткен соңғы ойында ауа райы кері әсерін тигізгені анық. Бірақ бұл жолы сәттілік біздің жақта болып, жанкүйерлерімізді қуантамыз деген үміттемін. «Астананы» қас дұшпанымыз деп есептемеймін. Біз тек алаңда ғана бір-бірімізге қарсыласпыз», – деді бас бапкер.
Алматылықтардың сапын алдағы уақытта тағы бір шабуылшы толықтыруы мүмкін.
«Қыста лайықты футболшы табу қиын. Арнайы топ осы жұмыстармен айналысып жатыр. Командаға тағы бір жоғары деңгейлі шабуылшы қажет. Ал Бауыржан Тұрысбекке келер болсақ, алаңдағы рөлін ауыстырдық. Қазір шабуыл шебінде ойнайды. Деңгейіне көңіліміз толады. Бізде бірінші немесе екінші құрам деп бөлінбейді. Әр ойыншымыз біз үшін маңызды. Кім дайын сол алаңға шығады», – деді ол.
Айта кетейік, «Қайрат» пен «Астана» арасындағы матч 4 наурыз күні Алматы қаласындағы Орталық стадионда сағат 15:00-де өтеді.
• 03 Наурыз, 2017
Кахабер Цхададзе: Бұл жолы «Астананы» жеңеміз деп ойлаймын

Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 19:40
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Бүгін, 18:40
Ауа райы • Бүгін, 17:44
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Бүгін, 16:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Бүгін, 15:45
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35
Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21
Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады
Медицина • Бүгін, 12:35
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
Білім • Бүгін, 12:26