03 Наурыз, 2017

Елбасы Украина Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Львов облысындағы «Степная» шахтасында жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, қолдау білдірді. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Украинадағы шахталардың бірінде жарылыс болып, 11 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.