Бүгінде еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, әлемдік өркениеттен өз орнын алғалы бері барлық сала дерлік заманауи сипатқа көшті. Ғаламтор жүйесі құрылып, білім берудің де түрлі тәсілдері жүзеге асты.
Жамбыл облысында 288 кітапхана болса, сол кітапханалардың 92 пайызы компьютермен қамтылыпты. Кітапханалардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында облыс бойынша 13 миллион 589,6 мың теңге жұмсалған. Десек те, әлі де бірқатар өзекті мәселелер бар екен.
Меркі аудандық орталық кітапханасы әлі күнге дейін жиһазсыз отыр. 2014 жылы жөндеуден өтсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай келеді. Мұнда ғаламтор енді қосылып жатқанымен, кітап сөрелері жаңартылмаған. Тіпті, жиһаздың жоқтығынан аталған мекеме облыстық кітапханашылар семинарын да өткізе алмай отыр екен. Енді аудандағы кітапхананың жайы осындай болғанда, оған қарасты 28 кітапхананың күйін топшылай беруге болады. Меркі аудандық кітапханасының директоры Жанат Сүйімқұлова аудан әкімінің жиһаз алуға 2 миллион теңге бөлгенін айтты. Алайда, бұл қаражат та жеткіліксіз болып отыр.
Мұндай мәселе Мойынқұм ауданында да бар. Осы уақытқа дейін аудандағы 20 кітапхананың 19-ы ғаламторға қосылмаған. Бұдан бөлек, аудан кітапханасындағы жиһаздар да тозған, стеллаждар да заманауи талапқа сай емес. Кітапхана директоры Ғалия Шубаева осы мәселелерге жергілікті әкімдіктен жыл сайын ақша сұрайтынын, алайда, ала алмай келе жатқанын жеткізді. Бірақ бүгінде 5 кітапхананы ғаламторға қосу үшін жергілікті бюджеттен 1 миллион 271 мың теңге қарастырылыпты. Енді кітапхана басшылығы тағы 10 кітапхананы ғаламторға қосу үшін аудан әкімдігінен қаражат сұрап отыр. Жиһаз демекші, кітапханаға 2014 жылы қаржы бөлініп, ол ақшаға тек қана оқу залына орындықтар алынған екен. Енді қанша қаражат бөлініп, кітапхана қашан қалпына келетінін уақыт көрсетеді.
Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы

Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21
Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады
Медицина • Бүгін, 12:35
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
Білім • Бүгін, 12:26
Референдум–2026. Онлайн-марафон
Референдум • Бүгін, 12:00
Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Бүгін елімізде қандай тасжолдар жабылды?
Қазақстан • Бүгін, 11:37
«Баян Сұлу» фабрикасы ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 11:17
Қаржы • Бүгін, 10:34
Олимпиада-2026: 14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:21
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:53
Реформаларға азаматтық белсенділік керек
Қоғам • Бүгін, 09:50
Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде
Қазақстан • Бүгін, 09:45
Пікір • Бүгін, 09:40
Қоғамдық сенім мен саяси жауапкершілік
Пікір • Бүгін, 09:35
Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт-бағдары
Саясат • Бүгін, 09:30