13 Наурыз, 2017

Сырт көз – сыншы

735 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан өз ерекшелігін көрсетіп келеді

Түркияның ауысқалы отырған президенттік басқару жүйесіне қатысты ізденістеріне тиімді болар деп жарыққа шыққан, сондай-ақ, ширек ғасырда мемлекеттің тә­жі­рибесіне айналып үлгерген Қазақ­стандағы қазіргі президенттік басқа­ру жүйесінен үлгі етіп ала алатын тұс­тары мен кемшіліктерді, ше­шім жолдары мен даму тәсілдерін қам­ты­ған «Қазақстанның сая­си жүйесін­дегі президенттік бас­қару моделі» атты кітабымда ай­тыл­ған­­дай, мемлекеттің бола­шақ­та тұ­рақ­ты дамуы үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кең ау­қым­ды өкілеттігі теңгерілуі не­­месе шек­телуі қажет екендігін жаз­ғанмын. Алайда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Конс­титуция арқылы өзіне тиесілі кең өкілеттікті шектеп, халықтың игілігі үшін мемлекетті одан әрі ілге­рі­- л­е­тетін реформаны күтпеген жерден бастауы дүние жүзінің елде­рін таңғалдырды. Онсыз да Нұрсұлтан Әбішұлының өмір бойы туған елі – Қазақстанды ойлап атқарған жұмыстары орасан зор. Кеңес Одағынан қалған ядролық қарудан бас тартуы тек қана өз елі үшін емес, бүкіл адамзат пен әлемдік бейбіт өмір үшін өте маңызды. Халықаралық тізесі шыққан мә­селелердің шешілуінде мемлекет­тер тарапынан айтылған жылы леб­із­- дерге үнемі арқау болып отыратын даналығы, сарабдал саясаткер­лігі бітімгерліктің өзегіне айналып үлгерді. Соңғы кезде Түркия мен Ресей арасындағы дағдарыстың шешілуі және миллиондаған елдің көз жасын, қантөгісті тоқтату мақ­сатында Сирия мәселелерін тал­қыға салып, Астана процесін жүргізуі сөзімізге дәйек. Сонымен қатар, Қазақстан Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қа­зақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жол­дауы іске асқалы отырған кон­с­- титуциялық реформаға жаңа бағыт сіл­тейтіндігіне, қоғамның дамуына оңды ықпал ететіндігіне сөз жоқ. Жолдауда көтерілген басымдықтар да­мудың негізгі динамикаларына ай­налатындығына және ұлттық эконо­миканың күшеюіне ықпал ете­тін­дігіне сенімдімін. Қазақстан конституциялық реформа мен Жолдаудың арқасында жаңа кезеңге аяқ басып, әлемдегі өзгерістерге бейімделеді және дамы­ған елдердің қатарына қосы­лудың алғышарттарын қарастыру арқылы батыл қадамдар жасайды. Елдің тұрақты дамуына, әлемдік бейбітшілікке қосқан үлесі үшін қа­дірлі Нұрсұлтан Әбішұлына Нобель сыйлығы берілуі қажет. Нұрсұлу ЧЕТИН, саясаттанушы-ғалым  

Аргентинадан сәлем жолдаймыз!

Аргентинадағы Қазақстан мәдениетінің орталығы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған сая­си реформаларды қолдайды. Президент өкі­лет­тік­терінің бір бөлігін Үкімет пен Парламентке беру қарастырылған конституциялық реформалар пакетін жүзеге асыру Қазақстанды демократиялық даму жолының жаңа белесіне шығарады деп санаймын. Аргентинадан Қазақстанға ыстық сәлем жолдаймыз! Густаво Рикардо ГУТИЕРЕС, аргентиналық бизнесмен, Росарио қаласындағы Қазақстан мәдениеті орталығының негізін қалаушы  

Мақсаты айқын ел

Қазақстанда жүргізіліп жат­қан конституциялық реформалар билік тармақтары ара­сындағы өкілеттіктерді қайта бөлуге бағытталған. Бұл өз кезегінде Үкімет пен Парламент­тің құзыретін кеңейтіп қана қоймай, олардың халық алдындағы жауапкершілігін де күшейтеді. Елдегі саяси реформалар халықтың игілігі үшін жүзеге асырылуда. Менің ойымша, бұл өзгерістер үкіметтік емес ұйымдар мен жалпы қоғам үшін Парламент пен Үкіметтің ашықтығын қамтамасыз етеді. Қалай десек те, демократия талаптарын орындау барысында Қазақстан өзіндік жолын айқындап, бұл орайда, ТМД-ның өзге елдерімен салыстырғанда көп жұмыстар атқарды. Алмейдо АЗАВAРO, Жетулио Варгас университетінің профессоры (Рио-де-Жанейро, Бразилия)