Шетпе селосындағы Жастар орталығында Маңғыстау ауданы әкімдігінің «Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ ұйытқы болуымен қыз-келіншектер арасында аудандық байқау өткізілді. Шараға аудандағы барлық ауылдардан 13 қыз-келіншек қатысып, бақтарын сынады. Аталмыш байқау қызықты да тартысты өтті деуге болады. Талап та күшті болды. Әр қатысушының шашы ұзын болуы, қатысушы жасы 14-30 жас аралығында болуы керек деген шарттар қойылды. Аталмыш байқау төрт бөлімнен тұрды: «Шаш – адам көркі» шаш үлгісін жасау, «Өнерліге өріс кең» – өнерін бағалау, «Ақыл – ойдың өрісі» – зияткерлік сұрақтар,«Ұлт болам десең бесігіңді түзе» салт-дәстүрге арналған сұрақтар болды. Әділқазылар алқасының құрамында өлкеге танымал әйел азаматтар төрелік етті.
Шарада ауылдардан келген оқушы жастар мен мекеме-ұжымдардың қыз-келіншектері белсенді қатысуы ауылдағы гендерлік саясаттың қарқынды түрде құлшынысы алабөтен екендігін дәлелдеді.
Байқау соңында жүлделі бірінші орынды Тұшыбек ауылының Ақжан Нұрболатқызы, екінші орынды Жармыш ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Ардақ Рзабекова, ал үшінші орынды Шетпе лицейінің 10-сынып оқушысы Назерке Бисенғалиева иеленді. Жүлдегерлерге ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырылды.
«Бүгінгі байқау өте тартысты өтті. Әсіресе, салт-дәстүр мен зияткерлікке арналған сұрақтары қиындау болды. Ұлттық салт-дәстүрді өзімнің толық білмейтінім анық көрініп тұрды. Сондай-ақ, Ақшымырау, Шайыр ауылдарының қыздарының белсенділігі жоғары болды. Мені әр ауылдан келген қыздардың ұлттық нақыштағы киімдері қатты сүйсінтті», дейді аталмыш байқауға қатысушы, Шетпе гимназиясының мұғалімі Қали Әсел.
Аллаберген ҚОНАРБАЕВ
Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы

Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30
Солтүстік спортындағы соны серпін
Спорт • Бүгін, 09:25
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкент • Бүгін, 09:20
Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»
Құқық • Бүгін, 09:15
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Әдебиет • Бүгін, 09:10
Руханият • Бүгін, 09:05
Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн
Ғылым • Бүгін, 09:00
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55
«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»
Сұхбат • Бүгін, 08:50
«Момақан қыз» – оқырман олжасы
Руханият • Бүгін, 08:45
Зиянды қалдықты 40 есеге азайтқан технология
Ғылым • Бүгін, 08:40
Тарих • Бүгін, 08:35
Жер қойнауын зерттеудегі ЖИ үлесі
Ғылым • Бүгін, 08:30