14 Наурыз, 2017

Бұл – экономикалық реформалардың жалғасы

246 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптама тобы мүшелерінің қа­тысуымен өткен дөңгелек үстел мәжілісі еліміздегі конс­ти­туциялық реформа қорытындыларын әңгіме арқауы етті. Мәжіліске қатысушылар бір ай бойы жүрген конституциялық реформаның талқылау қоры­тын­дысын қарай келе, еліміздің Ата Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды айтулы оқиға деп бағалады. – Еліміздегі конституциялық реформа кенеттен болған кез­­дейсоқ оқиға емес. 2005 жы­лы Ел­­­басының Қазақстан хал­қына Жол­дауында саяси жүйе­ні жаң­ғырту жайында айтыл­ған бола­тын. Барлық елдер­де саяси ре­форма эко­номи­ка­­лық ре­фор­­маға, эко­номи­ка­лық өз­геріс­терге тіке­лей бай­ла­нысты жа­са­лады. Эконо­ми­калық рефор­ма бол­маған елде саяси жүйе­ні де қайта құру, жаң­ғыр­ту мүмкін емес. Оған халық­­аралық жарқын мысалдар да бар. Америка Құрама Штат­тар­ындағы Рузвельттің жаңа ба­ғыты, Рейганның экономи­калық бағдарламасы, Герма­ния­дағы Эрхардтың реформасы», сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азиядағы реформалар саяси жүйенің жаңғыруы эконо­миканың дамуына, өзгері­сіне тікелей байланысты еке­ніне толық дәлел бола алған еді. Біздің еліміздегі саяси ре­фор­ма осындай халықаралық тә­жі­рибелерге сүйенген әрі уақ­­тылы жасалып отырған де­мократиялық үдеріс, – деді Конс­титуцияға өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізуге тарихи си­пат берген заң ғылымдарының кан­дидаты Әлібек Табылдинов. Заң ғылымдарының кандидаты Сымбат Укин еліміз Конс­титуциясына енгізілген өзгеріс­тер мен толықтырулар Конс­титуцияға да, өзге заңдар­ға да толық сәйкес келетінін жә­не қайшылығы жоқ екенін айт­ты. Нығайып келе жатқан Парла­менттің енді заң шығарушы орган емес, заң шығарушы билік болатындығы шынайы өмірге жақын екенін тілге тиек етті. – Парламент беделінің артуы – халықтың билікке араласуы, демократия қадамының алға басқандығы деп білеміз, – деді Сымбат Кенжебекұлы. Соны­мен қатар, дөңгелек үстел оты­рысында бұрынғы Мәжіліс де­путаты Валерий Вишничен­ко да Парламент рөлінің күшей­тілетіні уақыт талабы екендігіне тоқталды. Осыған орай арнайы құрылған комиссияға облыстан жіберілген ұсыныстар арасында Валерий Григорьевичтің жер­гілікті өзін өзі басқару, мәслихат депутаттығы жөніндегі ойлары да болды. Ғылыми-сараптама тобы­ның мүшелері отырысты пре­зиденттік билік, күшейтілген Парламент, оған есепті Үкімет еліміз экономикасының дамуына, демократиялық үдерістердің жаңғыруына, әлеуметтік тұр­мыстың өсуіне бастайды деген оймен түйіндеді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан» ҚОСТАНАЙ