14 Наурыз, 2017

Головкиннің жекпе-жегіне арнайы белбеу әзірленді

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Аргентиналық зергер Адриан Пальярольс Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) тапсырысымен Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) арасындағы кездесуге арнайы белбеу әзірледі. «Box Val» (Boxeo con valores) жазуы «Бокс құндылықтары» деген мағына береді. Рим папасының спорт арқылы әлемде әлеумет пен мәдениетті бірлестіру бағдарламасының негізгінде дайындалды. Аталмыш бағдарламаға осыған дейін футболшылардан Лионель Месси, Джанлуиджи Буффон, Хавьер Маскерано және Карлос Вальдеррама, баскетболшылардан Луис Скола сынды спортшылар қатысқан. Адриан Пальярольс өткен жылы да Рим папасының тапсырысымен Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) пен Амир Хан (31-4, 19 КО) жекпе-жегіне арнайы белбеу дайындаған болатын. Айта кетейік, Головкин-Джейкобс айқасы 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.