Елімізде ХХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауы мәреге жетті. Бұл жолы да П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері жеңісті орындардан табылып, өз оқу орындарының кәсіби деңгейін көрсетті.
Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған байқауда алдымен пианистер мен ішекті аспапта ойнайтындар Астана қаласында жарысқа түсіп, осы колледждің 4-курс студенті Антон Маркелов бас жүлдені жеңіп алған болатын.
– Скрипкашылар арасында жүрген байқау барынша салмақты болды. Мен үшін Антонның жеңісі заңдылық та сияқты. Өйткені, ол белсенді шығармашылық иесі ғана емес, педагогпен жеңіл үндесе алатын музыкант, – дейді ұстазы Нұрлан Сағымбаев. Осылайша бас жүлдеге лайық атанған Антон Маркелов байқауда Фауст операларынан, Мендельсон шығармаларынан үзінділер орындап, Құрманғазының Е.Үсенов өңдеген «Төремұратын» өз деңгейінде паш етті.
Аталмыш колледждің альтшілері де өз шеберліктерімен танылғанын айта кеткен жөн десек, байқау дипломанттары қатарында Жанна-Мари Жақыпбекова, контрабасшылар – Нияз Үлекешов пен Бекжан Исмаилов бар. Бар болғаны 2 жыл ғана контрабаспен айналысып жүрген Бекжан үшін республикалық байқаудың дипломанты атану – айтарлықтай табыс. Ал өзі өлең жазып, көп ізденетін Нияздан да ұстаздары үлкен үміт күтеді.
Сондай-ақ, әр кезеңдегі композиторлардың шығармаларын нақышына келтіре орындап жүрген колледж шәкірттері, фортепианошылар – Шахноза Матназарова мен Нәзігүл Арыстамбековалардың да аты осы байқауда ерекше аталды.
Классикалық музыка саласының келешегін айқындайтын жас орындаушылардың республикалық байқауы жаңа есімдерді жаңғыртып қана қоймай, бүкіл сән-салтанатымен, ауқымдылығымен де есте қалмақ.
Айнаш ЕСАЛИ.
Алматы.

Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Кеше
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Кеше
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Кеше
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Кеше