19 Сәуір, 2011

Ақтөбеліктердің алғашқы көмек керуені

457 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Батысқазақстандықтардың су тасқынынан зардап шегуі көршілес Ақтөбе өңірінің халқын да алаңдатуда. Су тасқыны салдарынан 58 елді мекендегі 3,1 мыңнан ас­­там үйдің, 2,1 мың саяжай учас­келерінің зардап шеккенін, 8 мыңға жуық адамның қауіпті аймақтардан кө­ші­ріл­генін естіген ақтө­бе­ліктер көршілерге көмек қо­лын со­зуды ұйғарып, бұл іске шұғыл кірісіп кетті. «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиа­лы бір күндік ең­бек­­ақы­ла­рын алғашқылардың бірі болып, су тас­қы­ны­нан зардап шеккен батысқазақ­стан­дықтарға қайы­рым­­­ды­­лық кө­мек көрсету есеп-шотына аударып қана қой­май, өңір хал­қын осы ізгілікті шараға жұмыл­дыруға ұйтқы болды. Акцияны қысқаша сөз сөйлеп ашқан «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Еркеш Қалиев көрші об­лыста болып жатқан су тасқынының салдары­нан хабардар ете келіп, осынд­ай қысылшаң шақ­тың ауырт­па­лығын бірлік пен ынтымақ қана жеңілдететінін, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» екенін жеткізді. Бейбітшілік және келісім кеңесі об­лыс­т­ық фи­лиа­лының төрағасы Келдібай Еспағам­бетов, «Жас­ Отан» жастар қана­тының белсенді мүшесі, Ақ­төбе мемлекеттік педаго­гикалық институтының 4-ші курс студенті Мәншүк Молдажанова апатты жағ­дай­да­ғы аға­йын­дарға қол ұшын беру азаматтық парыз екеніне тоқ­талды. Сол жер­де қала мекемелері мен ұйым­да­ры­нан, кә­сіп­орын­­дарынан және жекелеген азаматтардан жи­нал­­ған киім-кешектер мен азық-түлік машинаға тиеліп, Батыс Қазақ­стан облысына аттандырылды. «Кәсіп­кер­лердің құқын қорғау ассоциациясы» заңды тұлға­лар бірлестігі мен «Шығыс Трейд Ақтөбе» ЖШС бір­лесіп, 550 мың теңгенің киім-кешегін жи­науға және 250 мың теңге ау­даруға мұрындық болды. Тап сол күні су тас­қы­нынан зар­дап шеккендерге қайырым­дылық көмек есеп шо­ты­на «Қазақстан темір жолы» АҚ облыстық бөлім­шесі 15 млн. теңге, ал облыстық мә­дениет, қар­жы, табиғи қор­лар және табиғат пайда­лануды реттеу басқармалары, «Ақ­бұлақ» АҚ, Ақтөбе мемлекеттік пе­дагогикалық инс­ти­туты, 2 қалалық емхана ұжым­дары және басқалары бір күн­дік еңбек­ақыларын аударды. Батысқазақстан­дықтарға мате­риал­дық және қаржылай қолдау-көмек көрсету жалғасуда. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.