19 Сәуір, 2011

Зардап шеккендерге көмек

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15 сәуір күні «Нұр Отан» ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі фракциясы төралқасының отырысы болып өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Отырыста су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына көмек көрсету туралы мәселе қаралды. Жайық өңіріндегі апатты жағ­дай ешкімді де бейжай қалдыр­масы анық. Мемлекет басшысы, партияның көшбасшысы Н.Ә. На­зар­баевтың үндеуіне қосылған «Нұр Отан» ХДП фракциясының төралқасы «Нұр Отан» ХДП фрак­циясы атынан су тасқы­ны­нан зардап шеккен Батыс Қазақ­стан облысының тұрғындарына бір күндік еңбекақы көлемінде кө­мек көрсету туралы шешім қабылдады. Бар жағдайды көзбен көріп, мәселені шешуге ықпал жасау үшін 15 сәуір күні депутаттар тобы Батыс Қазақстан облысына аттанып кетті.