20 Сәуір, 2011

Алтыннан алқа таққан

387 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
«РАХАТ» БРЕНДІ  РЕСЕЙДЕ  ҮЗДІК  АТАНДЫ Жуырда Мәскеуде өт­­кен халықаралық, беделді байқауда «Рахат» кондитерлік фаб­ри­ка­сы өнім сапасы­ның жо­ға­ры­лығы үшін бас жүл­де мен тоғыз алтын медальді жеңіп алды. Қа­зақстан­дық­тарға кеңі­нен таны­мал шоколадтар мен кәм­­питтерді беделді са­рап­шылар ғана емес, ресейлік қара­пай­ым тұтынушылар да жоғары бағалады. Қазірдің өз­інде шығарылатын өнімнің 5 пайыздан аста­мын акционерлік қоғам көрші Ресейге жібереді. «Рахат» кондитерлері үшін Кедендік одаққа кіру тосын жайт бола қойған жоқ. Олар Ресейдің көтерме саудамен айналысатын сатып алу­шы­ларымен бұрыннан байланыс ор­нат­қан болатын және шекарадан өту қиындықтарына қарамастан, өз өнім­дерін елімізге таяу жатқан Ресей аймақтарына жеткізетін. Енді кедендік рәсімдер жеңілдетіліп, әкімшілік кедергілер жойылған кезде мүмкін­діктер ауқымы кеңейді. Ресей жері ұлан-ғайыр десек те, логисти­ка­ның кең көмейі өнім құнын артты­ра­тын­дықтан, кондитерлер шекараға жа­қын аймақтарды таңдады. Міне, енді Ресейдің 4 ірі қаласы – Омбы, Новосибирск, Челябинск, Барнаул мен олар орналасқан облыстардың тұр­ғын­дары Қазақстанның тәтті өнім­дерін сатып алу мүмкіндігіне ие. – Әрине, бұған бұқаралық ақпа­рат құралдарында бірнеше сатыда, белсенді түрде өткізілген жарнама науқаны, конференциялар мен көр­мелерге қатысу, өнімді сертификаттау бойынша атқарылған, оны көр­шілес ел жағдайына бейімдеуге бай­ланысты жүргізілген жұмыстар ізашар болды, – дейді «Рахат» АҚ маркетинг жөніндегі директоры Ольга Гордиенко. – Біздің өніміміздің таралуына бұл өңірдегі тығыз достық, отбасылық байла­ныс­тар, сондай-ақ Кеңес Одағы кезінен сақталған, дәстүрлі қарым-қаты­настар көп септігін тигізді. Жарнамалық қызметті қарқынды жүргізуге мүм­кіндік беретін, шығындарды ішінара өтеу жо­лымен сыртқы рынокқа шығуда мемлекеттің ай­тарлықтай қолдау көрсетіп отырғанын акционерлік қоғам ризашылықпен жеткізді. Жаңа аймақтарға енуде мұндай маркетингтік саясатты қолдану өз жемісін беріп те үлгерді. Егер Кедендік одаққа дейін Ресейге жеткізілетін тауар көлемі өндірілетін барлық тауар көлемінің 0,47 пайызын құраса, қазір бұл көрсеткіш 5,2 пайызды құрайды. «Рахат» бренді танымал, соған орай сібірліктер де тек атауы таныс кәмпиттердің сапасын бағалап қоймай, «Қызыл таң», «Әйгерім», «Балапан», «Ай­тыс», «Гауһар» деп аталатын кәмпиттерге де жо­ғары баға берді. Халықаралық сарапшылар да ком­панияның өн­ім сапасын және шы­ғар­ма­шылық ізденісін атап көрсетті. Нау­рыз­дың со­ңында Мәс­кеудегі Ха­лық­аралық өн­ер­кәсіп ака­де­мия­сын­да «Рахат» АҚ делега­ция­сы қатыс­қан, «ХХІ ға­сырдың кондитерлік өнімдері» сегізінші халық­аралық кон­ференция өтті. Ресейдің, Бела­рус­тің, Қазақ­стан­ның, Украина­ның 27 өңірінен, алыс шет елдерден келген 240 маман кондитерлік өн­діріс сала­сын­дағы негізгі ағым, жаңа тех­ноло­гия­ларды пайдалану мәселе­ле­рін, шикізат пен қоспа­лар­дың әр түрін қолдану мүмкін­дік­терін тал­қы­лауға қатысты. Конференция шеңберінде халық­аралық сапа байқауы өткізілді. Онда қатысушы-кәсіпорындардың 130-ға жуық өнім үлгісі қойылды. «Рахат» АҚ-ның технологтары мен өнді­ру­шілері сапалық тұрғыдан бағалауға кондитерлік өнімдердің қымбат кә­де­сыйлық түрлерін ұсынбай, күнде­лікті тұтынатын 9 түрін көрсетті. Сапаны бағалау кешенді түрде жүр­гізілді. Қойылған өнімдерді ашық түрде көрсетіп, қалағандардың бар­лы­ғына дәм татқызу арқылы тұты­нушылар пікірі тыңдалды. Бұған қоса осы сала­ның, РФ Ауыл­ша­руа­шылығы министрлігі, кондитерлік өнеркәсіп МҒМ ҒЗИ, Халықаралық өнер­кәсіп ака­демиясы, «Асконд» кондитерлер ассоциа­цияла­ры­ның маман­дары сапаны бағалаудың қатаң кәсіби қағидалары – сыртқы көрсеткіштер, пайда­ланыл­ған ком­по­нент­тердің сәйкестігі, қаптамада берілген мә­лі­меттердің толықтығы мен басқа да маңызды көр­сеткіштер бойынша жабық түрде дәмге сараптама жасады. «Рахат» өнімдерінің 9 атауы да «Жоғары өнім сапасы үшін» алтын медалімен марапатталды. Олар­­­дың қатарында «Рахат 65%», «Рахат 75%», «Рахат 80%» шоколадтары, «Рахат», «Трюфель­ные», «Магия», «Маска», «Элегия» кәмпиттері, «Ра­­хат» карамелі бар. Жүлделі шыңдарды осын­ша­лықты та­быс­пен, батыл түрде бағындыру мұндай беделді кәсіби форум үшін айтулы оқиға болды. Байқау нәтижелері мен кондитерлік өнімдердің тұтыну деңгейін жақ­сарту саласындағы үнемі ізденісі, ерен еңбегі үшін «РАХАТ» акционерлік қоға­мы «Жоғары өнім сапасы үшін» бас жүлдесін жеңіп алды. Венера ТҮГЕЛБАЙ.