«Енді АҚШ, Македония мен Түркия елдері шақырып отыр. Облыс басшылығының қолдауымен басқа өңірлерге де өнер сапарын ұйымдастырамыз», - дейді театр директоры Берік Жәменов.
Атыраулық актерлар қауымы биылғы төл мерекелерін үлкен табыспен қарсы алды. Театр ғимаратынан кіші зал ашылды. Онда қойылымдарға дайындық жұмыстарынан бөлек түрлі мәдени шаралар өткізуге мүмкіндік бар. Театр қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиында Дастан Пышанов «Жыл актері», Айнагүл Мұхтарова «Жыл актрисасы», Гүлназ Қамысбаева «Жыл режиссері» атанды. Облыс әкімінің Алғыс хатына «ҚР мәдениет қайраткері», актер Сәбит Қожабеков, театрдың бас суретшісі Темірбек Мұхтаров және актриса Гаухар Қабиева ие болды. Театр тарланы Қуат Төлеков атындағы арнайы сыйлық Асылбек Бәделге, Алма Ахметова мен Төлеген Қуанышев атындағы арнайы сыйлықтар Мағрипа Шәненова мен Әміржан Нұрланға табысталды.
Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан».
АТЫРАУ