Хоккей • 28 Наурыз, 2017

​ҚХЛ команда санын қысқартуы мүмкін

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаттың матчтарын командалар санын азайту арқылы қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» хабарлады.

​ҚХЛ команда санын қысқартуы мүмкін

Басылымның мәліметі бойынша қазіргі уақытта 26 командадан тұратын күнтізбе дайындалып жатыр.

2016/2017 маусымында ҚХЛ-ға 29 команда қатысты. Лигадан «Медвешчакпен» бірге «Металлург» және «Югра» командалары кетуі мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар