23 Сәуір, 2011

ENRC Батыс Қазақстан облысына көмек көрсетеді

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ENRC және «ENRC Көмек» корпоративтік қайырымдылық қоры Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге жалпы сомасы 50 млн. теңге кө­ле­мінде қаржылық көмек көрсетеді. Ауқымды табиғи апаттың салдары қазақ­стандықтарды немқұрайлы қалдырған жоқ. ENRC корпорациясы осындай ауыр кезеңде қиындыққа ұшыраған адамдарға көмек көр­сеткендерге ниеттестік білдіреді. Корпорация ұжымы аударылған қаржы зардап шеккендерге көмектеседі деп үміттенеді. «Бізді Батыс Қазақстанда болған табиғи апаттың салдары түршіктіреді. ENRC корпо­рациясы атынан барлық зардап шеккендерге көңіл айтамын. Біздің борышымыз – оларға көмекке келу. Сондықтан, ENRC зардап шек­кендер қорына қаржылай көмек ауда­руды жөн деп есептеді. Біз облыстағы жағ­дай жақын болашақта түзеледі деген үміт­те­міз», – деп атап өтті ENRC PLC бас атқа­рушы директоры Феликс Вулис мырза. «Егемен-ақпарат».