03 Сәуір, 2017

​Канцлердің қағидасы

395 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Осы жылдың 24 қыркүйегінде Гер­мания Бундестагының сайлауы өтеді. Елдің Христиан-де­мо­к­ра­­тиялық одағы партиясы мен Хри­с­­тан-әлеуметтік одағы Гер­ма­ния канцлері лауазымына кандидат ретінде Германия Христиан-де­мок­ра­­тиялық одағының жетекшісі, ел­­дің қазіргі канцлері Ангела Мер­кельді ұсынды.

​Канцлердің қағидасы

Басқасын айтпағанда, ірі ха­лық­аралық жиындарда, жоғары дең­гей­дегі кездесулерде үнемі қызғылт-са­ры бешпет, қара шалбар киіп жү­ретін Ангела Меркельді әлемдік қо­ғамдастық салмақты саясаткер, қа­жы­майтын қайраткер ретінде жақсы бі­леді. Кез келген мәселеде өз елінің мүд­десімен қатар, Германия мүше болып табылатын Еуропалық одақтың да мүд­десін қорғаудан шаршаған емес. Сон­дықтан болар, оның ұсынысымен одақ құрамындағы елдердің басшылары санасып жатады...

Ангела Меркель Германия тарихында канцлерлік қызметке сайланған тұңғыш әйел және ол осы жоғары лауазымды атқарғандардың ішіндегі ең жасы. Сондай-ақ, саясаткер ГФР кан­цлері болып үш мәрте, Христиан-де­мократиялық одағы партиясының же­текшілігіне қатарынан тоғыз рет сай­ланған. Енді оның канцлерлікке төр­тінші мәрте сайлануына мүмкіндігі бар сияқты. Өйткені, наурыздың екін­ші жартысында Саар жерінде өткен өңір­лік сайлауда Меркельдің партиясы сайлаушылар дауысының 40 па-

йызын алды. Ал канцлерліктен үміткер кан­­дидаттың тағы бірі – Мартин Щульц төрағалық ететін Социал-де­мо­­кра­тиялық партиясы 30 пайыз дауыс жинады. Сарапшылар бұл сайлау Бундестаг (парламент) сайлауы қар­саңында неміс саяси күштері үшін бас­тапқы маңызды сынақ болғанын ай­тады.

АҚШ-тағы сайлау науқанында А.Меркель президенттікке кандидат Хиллари Клинтонның президент болуын, оның саясатын қолдайтынын біл­дірген еді. Жағдай басқаша болды. Сарапшылардың пікірінше, Дональд Трамптың жеңіске жетуі канцлерге ауыр соққы тигендей қатты әсер ет­кен. Сонымен қатар, Д.Трамп Мер­кельге Германия аумағына келген мигранттарға байланысты сын да айт­қан болатын. «Мен Ангела Мер­кель­ге құрметпен қараймын. Ол – ұлы көш­басшы. Бірақ, ол елге мигранттарды заңсыз кіргізіп, апатқа соқтыратын қателік жіберді», – деген еді сонда.

АҚШ сияқты іргелі елдің басшысымен санаспаса болмайтынын күні бұрын білген сұңғыла саясаткер өкпе-наздың бәрін жиып қойып, наурыздың екінші жартысында Вашингтонға тартты. Дональд Трамппен екеу-

ара кез­де­сіп, халықаралық бірқатар өзекті мә­селелерді талқылады. Сөйтіп, прези­дент пен канцлер бір-бірімен «тіл та­бысқандай» болды. Бұл Еуропалық одақ елдері басшыларының АҚШ-тың жа­ңа президентімен алғашқылардың бі­рі болып Меркельдің кездескені ре­тінде есте қалады.

Өткен жылдың 19 желтоқсанында Берлиндегі Рождество жәрмеңкесінде болған террорлық әрекет ел билігін де, Германия халқын да әрі-сәрі күйге түсірді. Он екі адам қаза тапқан бұл қайғылы жағдай халықтың бо­с-

­­қындарға деген көзқарасын түбі­рі­­мен өзгертті. Оппозиция бұған «ми­­­г­ранттарға есікті айқара ашты, олар­мен бірге террористер де елге кір­­ді», деп Меркельді кінәлады. Де­рек­терге қарағанда, өткен жылы Гер­манияға бос­қын ретінде 280 мың адам келген екен. Ал 2015 жылы кел­ген бос­қын­дардың саны бұдан үш есе көп бол­­ған. Міне, осылардың бар­лы­ғы­на А.Меркель бастаған ел билігі мүм­кін­дігіне қарай жағдай жасай білді.

Сынға да ұшырайтын, мақтауға да ілі­гетін Ангела Меркель – реті келген­де жіберген қателігін де мойындай бі­летін тұлға. Оның осы жылдың 24 нау­рызында Римге барған сапары ке­зінде Еуропалық одақтың қателігін мойындай келіп: «Біз сыртқы шекараны аштық, бірақ оларды нығайту туралы ойламадық. Бірыңғай валютаны енгіздік, бірақ дағдарысқа дайын болмай шықтық. Енді соның барлығын банктік одақ және тұрақтандыру ме­ханизмі арқылы түзетіп келеміз», – деп мәлімдегені Еуроодақта күрделі мә­селелердің аз емес екенін білдірсе керек.

Меркель үлкен саясатқа Берлин қ­а­бырғасы құлағаннан кейін кел­ді. Сарапшылар оның саясат бас­пал­да­ғы­мен тез көтерілуі Гер­ма­ниян­ың сол кездегі канцлері Гельмут Коль­дің қол­дау көрсетуі деп есеп­тей­ді. Жа­ғым­­ды мағынада «мазасыз» Мер­кель деп атаған ол Forbes жур­на­л­ының ба­ғалауы бойынша, тоғыз жыл­дан бе­рі әлемдегі ең ықпалды 100 әйел­дің кө­шін бастап келеді.

Әлисұлтан Құланбай,

«Егемен Қазақстан»