• 13 Тамыз, 2018
Бесінші саммит және Каспий «бестігі»
Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мемлекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақстанның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатысты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, теңізде экономика, көлік-транзит, экология, қауіпсіздік және басқа да салалар бойынша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады.
• 12 Шілде, 2018
Ормуз бұғазы жабылған жағдайда...
Осы айдың басында Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани Швейцария еліне жасаған сапары кезінде мұнай импорттаушы мемлекеттер Иранның мұнайын сатып алмаған жағдайда Ормуз бұғазын жауып тастайтындарын мәлімдеді. Президенттің бұл мәлімдемесі АҚШ билігінің Иран мұнайын сатып алмауға өз одақтастарын ықтиярсыз көндіруге бағытталған қысымына байланысты болса керек.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2018
Каспийдің құқықтық мәртебесі айқындалатын күн жақын
Өткен аптада елордада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын әзірлеу бойынша арнайы жұмыс тобының кезекті отырысы өткен еді.
• 10 Мамыр, 2018
Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтер де, деректер де өте көп. Солардың бірі – соғыс жылдарында Кеңес армиясының қатарына 1 миллион 800 мыңға жуық қазақстандықтың шақырылғандығы, ал ең қиыны майдан даласынан сол жауынгерлердің 600 мыңға жуығы туған жеріне қайтып оралмай, сұрапыл соғыста Отаны үшін құрбан болғандығы.
• 23 Сәуір, 2018
Оқшауланудан – интеграциялануға
Алдымен мына мәселеге назар аударайық. Өткен жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан, Түрікменстан және Қырғызстан елдерінде сапарда болды. Биылғы жылдың наурызында ол Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барды. Душанбе халықаралық әуежайында Ш.Мирзиёевті Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның өзі қарсы алды.
Саясат • 02 Сәуір, 2018
Еларалық өзендер ахуалы өзекті
Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасында трансшекаралық өзендер мәселесі екі ел қатынастарындағы өзекті де өткір проблеманың бірі болып отыр. Себебі Қазақстан – Қытай арасында 24 трансшекаралық өзен бар. Олардың ең ірілері – Ертіс, Іле және Еміл өзендері.
• 26 Наурыз, 2018
Жасыратыны жоқ, жаңа жүзжылдық есік ашқалы бері әскери күш жекелеген мемлекеттердің ұлттық мүдделерін іске асырушы негізгі құралдардың біріне айналып барады. Оның үстіне елдердің ішкі кикілжіңдеріне шетелдіктердің тікелей араласып, оны асқындырып жіберетін жағдайлар да жиірек көрініс беруде. Бұлар сол өңірдегі бұрыннан қалыптасқан қауіпсіздіктің моделін бұзуға және елдердің мемлекеттілігін қиратуға соқтырып жатады.
• 13 Наурыз, 2018
Достық пен сенімге негізделген байланыстар
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында еліміздің Орталық Азияның саяси тұрақты, экономикалық орнықты және қауіпсіз дамуына мүдделі екені атап көрсетілген. Сондай-ақ бұл сыртқы саясатымыздағы басымдықтардың бірі болатыны аталған.
• 05 Наурыз, 2018
Сайлау өткізудің басты себептері
Осы жылдың 11 сәуірінде Әзербайжанда кезектес тыс президенттік сайлау өтеді. Әсілі бұл елде сайлау биылғы жылдың қарашасында өтуі тиіс еді. Бірақ билік президенттік сайлауды мерзімінен жарты жыл бұрын өткізуді ұйғарған. Ал саяси науқанның басы-қасында жүргендер кезектен тыс сайлау өткізу бірқатар себептерге байланысты екенін алға тартады.
Әлем • 15 Ақпан, 2018
Германия канцлері Ангела Меркель жетекшілік ететін Христиан демократиялық одағы және Христиан социалистік одағы Германия социал-демократиялық партиясымен ұзаққа созылған келіссөздерден соң, коалициялық үкімет құру бойынша мәмілеге келді. Келіссөздер барысында, сондай-ақ ортақ бағдарлама да бекітілді. Ал Бундестаг (парламент) сайлауы 2017 жылдың 24 қыркүйегінде өткен болатын.