• 05 Ақпан, 2018
«Кремль есебі» және «қара тізім»
Жақында АҚШ-тың қаржы министрлігі алдағы уақытта санкция салынуы мүмкін ресейлік азаматтардың аты-жөнін жариялады. Ол тізім «Кремль есебі» деп аталды. «Есептегі» 210 адамның ішінде президент әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, үкімет мүшелері, жоғары лауазымды саяси тұлғалар және ірі мемлекеттік компаниялардың басшылары бар.
• 15 Қаңтар, 2018
Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік бастамалары
Еліміз егемендіктің бастапқы кезінде-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болатынын төрткүл дүниеге жария еткен еді. Содан бері еліміз халықаралық аренада сол бағытты берік ұстанып, оны белсенді түрде жүзеге асырып келеді.
• 11 Желтоқсан, 2017
«Отты нүктелер». Опат болған журналистер
Аумалы-төкпелі мына заманда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – журналистердің қызметтерін атқаруы барысында қапыда қаза табуы жиілеп кетті. Тіпті алаңдатарлық жағдайға жетті. Халықаралық журналистер федерациясының мәліметтері бойынша, 1990 жылдан бері 2350-ден астам журналист өздерінің міндетін орындау кезінде қаза тауыпты.
• 20 Қараша, 2017
Ауғанстан әскери полигонға айналып барады
Бүгінде Ауғанстандағы жағдай Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері үшін ортақ және өткір проблемаға айналып отыр. Бұл мемлекеттегі ұзақ жылдарға созылған саяси тұрақсыздық пен экономикалық қиын жағдайдың асқынғаны соншалық, қазіргі кезде Ауғанстан экстремизм мен терроризмнің, сондай-ақ есірткі саудасының ошағы ретінде атала бастады.
• 07 Қараша, 2017
Қырғызстанда президенттік сайлау аяқталып, елдің жаңа басшысы белгілі болған соң, көп уақыт өтпей-ақ Қырғызстан парламентінің спикері Чыныбай Тұрсынбеков күтпеген жерден отставкаға кетті.
• 27 Қыркүйек, 2017
Бүгінде АҚШ өз әскерлерін Еуропа мен Таяу Шығыс аумағына көбірек орналастырудың түрлі жолдарын қарастыруда. Ал НАТО құрлықта да, теңізде де әскери жаттығулар өткізуді жиілете бастады. Солтүстікатлантикалық альянстың биылғы жылдың бірінші жартысында Шығыс және Оңтүстік Еуропада, сондай-ақ Еуразияның Қара теңіздегі шекараларында әскери жаттығулар өткізгені соған дәлел болмақ.
• 29 Тамыз, 2017
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ Қазақстанның ірі ядролық державаға айналу мүмкіндігі өте жоғары еді. Өйткені, ең қатерлі қару – шахталардағы құрлықаралық зымырандар негізінен біздің еліміздің аумағында орналасқан болатын.
• 09 Тамыз, 2017
Таулы Қарабаққа байланысты Әзербайжан мен Армения арасындағы соғыс қимылдарының тоқтатылғанына ширек ғасырға жуықтады. Өкінішке қарай, бірнеше мың адамды құрбан еткен, мыңдаған бейбіт тұрғынды босқынға ұшыратқан сол қарулы қақтығыстар соңғы жылдары қайта бой көрсете бастағандай...
• 20 Шілде, 2017
Қырғызстан: сайлау «дүбірі» мен «күбірі»
Көршіміз Қырғызстанда кезекті президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелуге ниеттенген үміткерлердің құжаттарын қабылдау басталғанына бір айдан асты. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстары 10 қыркүйек пен 14 қазан аралығында жүргізіледі. Ал президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.
• 17 Мамыр, 2017
Әскерін алып кетемін деп еді...
Жақын күндері Пентагон АҚШ президенті Дональд Трампқа өздері тарапынан дайындалған Ауғанстанға қатысты жаңа стратегиясын ұсынбақ. Стратегияда «Ислам мемлекетін» (Қазақстанда тыйым салынған) талқандау және «Талибан» қозғалысының шабуылдарын тоқтату үшін Ауғанстанға америкалықтардың қосымша әскери контингентін жіберу көзделген.