Бизнес • 06 Сәуір, 2017

Жастардың стартаптары үшін бірегей мүмкіндік

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры дарынды қазақстандық бағдарламашылар мен стартаперлерге халықаралық компаниялармен бірлесіп өз жобаларын іске асыруға және инновациялық өнімдер мен сервистер құруға мүмкіндік беретін Smart Zholy біргей жобасын ұсынып отыр.

Жастардың стартаптары  үшін бірегей мүмкіндік

Бұл жаңа амбициялық бағдарлама қазақстандық стартаптардың сапасы мен олардың болашағына, әсіресе, жастар жобасына қатысты өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. 

Smart Zholy жобасының 10 фи­на­лисі өздерінің инновациялық жо­ба­сын Сингапурде болатын екі ап­талық бағ­дарлама аясында әлемнің же­текші тех­­нологиялық хабында азия­лық ірі кор­порациялар мен вен­чурлық қор­лар­дың алдына ұсына алады.

Smart Zholy бағдарламасының же­ңім­паз­дары әлемдік деңгейдегі са­рап­­шылардың тік­елей жетек­ші­лі­гімен жаңа жобалар әзірлейді. Қазақстандық командалар син­га­­пур­лық стартап-экожүйесінің орта­лы­ғы – атақты Block 71-де орналасады. Олар орал­ған­нан кей­ін өздерінің озық тәжірибесін ел­дің стартап-эко­жүйе­сіне енгізеді.

Smart Zholy бағдарламасы Оңтүстік Азиядағы Echelon Asia Summit жетекші стартап-алаңында әріп­­тестік негізде жү­зеге асырылады.

– Аталған жобаны іске асыру жас­­­­­тардың стартаптарын тек қана Қазақстан­ға емес, әлемдік нарыққа шы­ға­ру, Мем­лекет басшысының Жол­дау­ында қойыл­ған экономиканы же­дел жаң­ғырту және цифрлық эко­номи­ка құру мін­детін орындай оты­рып, Астананы тех­нологиялық кар­­тадағы жа­­ңа нүкте ре­тінде көр­се­те білу, – дейді ­ атқарушы ди­­ректоры Қанат Жұмабаев.

Бағдарламаға қатысу үшін 2017 жыл­дың 12 сәуіріне дейін өтінім беру қа­жет. Бағ­дарлама туралы ақпарат жә­не өті­нім нысаны www.fpp.kz. сайтында ор­на­лас­тырылған.

Қазақстан Республикасы Тұң­ғыш Пре­зиденті – Елбасының Қо­ры атал­ған бағ­дарламаның 10 фи­на­ли­сі­нің қар­­жы­лық шығынын өтейді.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»



Соңғы жаңалықтар