Аймақтар • 06 Сәуір, 2017

Тасқынмен жағаласып, құбыр жасап жатыр

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біз 4 сәуір күні газе­тіміз­де Баянауылға баратын жолда тасқын судың жү­ріп өт­ке­нін, жылдағыдай Кен­же­көл, Баянауылдың Теңдік, Қара­ащы, Көкдомбақ, Жаңажол, Жуан­төбе, Ақши, Лебяжі ауда­нының орталығы, Жамбыл, Кең­шілік ауыл­дары, Павлодар ауданының Мичу­рин, Ақтоғай ауда­нында Шолақсор ауылдарына су тасқыны келу қаупі бар. Баянауылдың 18-ші ауылы тас­қын келуін үреймен күтуде деп жаздық.

Тасқынмен жағаласып, құбыр жасап жатыр

Баян­ауыл-Павлодар бағы­­тындағы тас жол қазір тасқын судың астында қалды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Павлодар мен Баянауыл ара­сындағы жол уақытша жабылды. Бірлік ауылы маңындағы жолдың астындағы құбырлар жарылып кеткен. Бұл тасқын суға өзіміз жол бердік деген сөз ғой. Жол жоқ. Облыс орталығынан арнайы техника жеткізіліп, Бірлік ауылының жолына су өткізгіш құбыр орнатылып жатыр деп хабарлайды. Құдай-ау, жаз бойы өзі не қарадық?! Тасқын судың беті қайтар түрі көрінбейді дейді ауылдықтар. Су қоймаларындағы су мөл­шерінің артуы кезінде не болмақ?.. Ертең-ақ Қарағанды облысындағы Қаратоқа бөге­ті аумағынан ағатын қар суы Баян­ауылдың Теңдік, ал Ақ­мола облысындағы Сілеті су қоймасынан келетін су Ақтоғай ауданының Шолақсор ауылдарына қауіп төндіреді. Бірде-бір ауылдың су өтінде қалуына жол бермеуіміз керек дегенмен де, тасқын судан қорғану шараларын ертерек қолға алу керек емес пе еді?!. 

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан» 

Павлодар облысы


Соңғы жаңалықтар