Кеш «Сең қозғалды... қалжыңның қоржынын ақтарыңдар!» деп аталды. Сахнада ең алдымен И. Ильф пен Е. Петровтың «12 орындық» шығармасы орындалды. Остап Бендердің дәл бүгінгі күндегі кейбір адамдармен тірлігі өте ұқсас екендігін аңғартқан астарлы ойдың иесі педагог-музыкант Тимур Әубәкіровтің әзіл-қалжыңы көпшіліктің көңілінен шықты. «Біз проблемасы көп болса да, шаршамайтын қарапайым S. қаласында тұрамыз», деп қалжыңдаған Тимур Остап Бендер кинофильмінен нақышына келтіре әндер орындады. 12 орындық сахнаға қойылып, «соның ішінде жасырынған ақша бар» дегенді іздеген көрермендердің бірі 1000 теңгені олардан емес, өзі отырған орындықтың астынан тауып алғанда таң-тамаша қалды. Тағы да басқа сәттілікке тап болғандар тапқан мың теңгелерін «Кілт» клубының дамуына деп арнады. Кешке қатысушылар түрлі конкурстарға қатысып, ең бастысы, әзіл-қалжыңмен көңілдерін көтеріп, көздерінен жас аққанша бір күлді. Осының бәрі күлкі күніне арналды.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
СЕМЕЙ
Суретті түсірген автор