Бокс • 08 Сәуір, 2017

Садриддин Аxмедов бокстан Король кубогы турнирінің чемпионы атанды

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландта бокстан өтіп жатқан "Thailand International Invitational Tournament" турнирінің финалына шыққан 69 келідегі Садриддин Аxмедов финалдық жекпе-жекке шықпай-ақ чемпион атанды.

Садриддин Аxмедов бокстан Король кубогы турнирінің чемпионы атанды

Ол финалда Рио Олимпиадасының финалында Данияр Елеусіновтен ұтылған өзбекстандық боксшы Шаxрам Гиясовпен жұдырықтасуы керек болатын. Бірақ, Өзбекстан құрамасының бапкерлер құрамы Шаxрам Гиясовты финалдық жекпе-жекке шығарудан бас тартыпты. 

Сондай-ақ, Олимпиада чемпионы Хасанбай Дусматов та финалдық кездесуге шықпайды. Мұны өзбекстандық бапкерлер "Хасанбай мен Шаxрам құрамамыздың тәжірибелі боксшылары, сондықтан Азия чемпионатына жарақатсыз қатысқанды қалаймыз. Және бұл чемпионат Әлем біріншіліне іріктеу кезеңі болмақ", дейді.

Сондай-ақ, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Король кубогында 7 боксшы апарып, үш медаль иеленді. 69 килода сынға түскен Садриддин Аxмедов чемпион атанса, 52 килодағы Азат Маxметов пен 75 кило салмақтағы Ерік Әлжанов қоланы қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024