Теннис • 08 Сәуір, 2017

Дэвис кубогында Қазақстан теннисшілері Қытай командасын ұтты

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Дэвис Кубогының Азия/Мұхит аймағы I тобында ойнайтын Қазақстан мен Қытай құрамаларының арасында жұптық разрядтағы ойын өтті, деп хабарлайды Sports.kz

Дэвис кубогында Қазақстан теннисшілері Қытай командасын ұтты
Қазақстан намысын қорғаған Андрей Голубев пен Александр Недовесов қытайлық Бай Янь мен Мао-Синь Гунге қарсы ойнады. Ойын барынша тартысты өтіп, кездесу нәтижесі бесінші сетте ғана анықталды. Бұл кездесуде 3:6, 6:1, 5:7, 6:1, 6:3 есебімен корт қожайындары Голубев пен Недовесов жеңіске жетті. Осылайша, кездесудің есебінде Қазақстан 3:0 есебімен алда тұр. Алда әлі екі кездесу бар. Дегенмен, оның нәтижесінде біздің теннисшілер жеңіліске ұшыраса да келесі кезеңге жолдама алады.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024