Аймақтар • 09 Сәуір, 2017

Қостанайда жас полицейлер слеті өтті

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Слетке полицияның жас қызметкерлерінің ата-аналары мен осы саланың ардагерлері де қатысты. Онда полиция хоры бірінші рет өнер көрсетті. Ол облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетовтың бастамасымен құрылған болатын.

Қостанайда жас полицейлер слеті өтті

Бүгінге дейін облыста 231 жас полицейлер қызмет етеді. Оларға тәжірибелі 227 қызметкер тәлімгерлік көрсетеді. Олардың арасында 29 ардагер де бар. 

Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мереке Алшағыров полицейлер қатары жас қызметкерлермен толыққанын айтып, іріктеу мен кадрларды даярлау нәтижесі туралы атап өтті.

"Мұндай слетті өткізудегі мақсатымыз, жас толқынның қалыптасуы жолында тәлімгерліктің рөлін күшейту, аға буын мен жастар арасында тәжірибе алмасуын, олардың арасындағы байланыстың үзілмеуін қамтамасыз ету"деді Мереке Нағашыбайұлы.

Ардагерлер атынан сөйлеген полиция полковнигі Амангелді Өмірбаев тәртіп, тыныштық күзетіндегі жастар аға буынның тәжірибесін үйрене отырып, олардың ерлік істерін жалғастыра беруіне тілек білдірді. 

 Слетте ерлік істерімен адамдар өмірін сақтап қалған жас полицейлерге мақтау қағаздары табысталды. Сонымен қатар олардың тәлімгерлері де марапатталды. Жас полицейлердің ата-аталарына алғыс хаттар табысталды.

 Слет аясында жас полицейлер арасында оқ атудан жарыс өтті. Макаров тапаншасынан оқ атудан Сергей Романов бірінші орын алды. Слетке келген қонақтар Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің музейін аралап, ҚР Ішкі істер министрілігінің 6697 әскери бөлімінің үрмелі аспаптар оркестірінің және облыстық ішкі істер департаменті хорының концертін тамашалады.

 Нәзира Жәрімбетова,

 «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024