Қазақстан • 09 Сәуір, 2017

ҚР ИДМ Мысырдағы қазақстандық туристерді үрейге бой алдырмауға шақырды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туризм индустриясы комитеті Египетте демалып жатқан немесе бұл елде демалуды жоспарлаған қазақстандықтарды курортты аймақтан тыс шықпауға шақырды.

ҚР ИДМ Мысырдағы қазақстандық туристерді үрейге бой алдырмауға шақырды

«Әлемдік бұқаралық ақпарат көздерінің деректерінше, мысырлық Танта қаласындағы коптық шіркеуде болған жарылыс салдарынан 21 адам қаза тауып, тағы 40 адам жарақаттанған. Сонымен қатар полиция учаскесінің жанында екінші жарылыс туралы да хабарланды. Зардап шккендердің дәл саны нақтылануда. ҚР Инвестиция және даму министрлігі Туризм индустриясы комитеті осы елде демалып жатқан немесе демалуды жоспарлап жүрген қазақстандық туристерді курорттық аумақтан тысқары шықпауды ұсынады»,-деп жазды Фейсбукке ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали. 

Бұдан басқа ҚР ИДМ Египетте жүрген қазақстандық азаматтарды үрейге бой алдырмауды,сақтық шараларын сақтауды, халық көп жиналған жерге бармауды, сондай-ақ жергілікті биліктің кеңесіне құлақ түру қажеттігін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024