Қаржы • 10 Сәуір, 2017

Еуроодақ 9 жобаны қаржыландырады

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропалық одақтың Қазақ­стан­дағы өкілдігі еліміздегі қаржы­лан­дыры­латын жаңа жобаларға қатысты баспасөз мәслихатын өткізді.

Еуроодақ 9 жобаны қаржыландырады

Еуроодақтың еліміздегі өкілдігінің жетекшісі Траян Христеаның айтуынша, Еуроодақ Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуына жан-жақты ықпал етіп келеді. 

– Қазақстан орташа табыс деңгейі бар елдердің қатарына қосылғандықтан, 2014 жылдан бастап қаржыландыру шаралары тоқтатылған болатын. Алайда, Орталық Азия мемлекеттеріне бағытталған 2014-2020 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаның аясында ынтымақтастық пен қаржы бөлу жұмыстары жалғаса береді. Мәселен, ұйымның Қазақстандағы өкілдігі «жасыл» экономикаға арналған бірқатар жобаларды іске асыру үшін 7,1 миллион еуро бөлді, – деді Т.Христеа.

Осы шара барысында Еуроодақтың жергілікті өкілдігі қаржыландыратын 9 жоба таныстырылды. Аталған 9 жоба Қазақстандағы сот реформасын қолдау бағдарламасы, Демократия мен адам құ­қық­тары саласындағы еуропалық құ­рал, Үкіметтік емес ұйымдарды және жер­гілікті мемлекеттік басқаруды дамыту бағ­дарламасы сынды үш тақырыпты қам­тиды. Осы жобалар үшін ұйым тарапы­нан бар­лығы 3,15 миллион еуро көлемінде қара­жат  қаралыпты.

Траян Христеаның айтуынша, аталған жобалар халықтың әл-ауқатын жақсартуға, азаматтық қоғамның ұлттық және жергілікті деңгейде саяси үнқатысуларға белсене атсалысуына ықпал етуі тиіс. Мұның барлығы «100 нақты қадам» аясындағы институттық реформаларды жүзеге асыруға сай келеді.

Жалпы, 1991 жылдан бергі аралықта Еуропалық одақ тарапынан біздің еліміздегі 350 жоба үшін 180 миллион еуро көлемінде қаржы бөлініпті.

Арнұр Асқар,

«Егемен Қазақстан»




Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024