Парламент • 10 Сәуір, 2017

Күн тәртібі нақтыланды

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен бюро отырысы өтіп, онда алдағы сәрсенбіде өтетін жалпы отырыста талқыланатын тақырыптар нақтыланды.

Күн тәртібі нақтыланды

Атап айтқанда, көлік мәсе­лелері бойынша түзетулерге қатыс­ты заң жобасын бірінші оқы­лымда, қорғаныс және әске­ри қызмет, өсімдіктер мен жануар­лар дүниесі мәселелеріне қатысты өзгерістер екінші оқылымда қара­лады деп күтілуде.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутат­тары­ның назарына Ислам Ын­ты­мақтастығы Ұйымына мүше елдер арасындағы эко­но­микалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы тура­лы бас келісімге байланысты рати­фи­кациялық заң жобасы ұсынылмақ.

Сонымен қатар, Қазақстан­ның дипломатиялық қызметі туралы заңға өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша бейінді коми­тет­терге қорытынды әзірлеу мер­зімі тағайындалатын болды.


Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024