27 Сәуір, 2011

Километр – шақырым емес, вокзал – бекет емес

1534 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Редакцияға хат Бұқаралық ақпарат құрал­да­рын­да «километр» сөзі «шақырым» деп бұрыс аударылып жүр. «Ша­қырым» – нақты емес өлшем, субъек­тивке тәуелділігі басым тү­сінік. «Шақырым» деп айқайлап ша­қырғандағы дауыс жететін ара қашықтық айтылған. Айқайдың естілу қашықтығы айқайлаушы мен естушінің толып жатқан физио­ло­гия­лық ерешеліктеріне (дауыс жиілігі, күштілігі, биіктігі, ұшқыш­ты­ғы, өкпе көлемі, дауыс тіндерінің сипаттамалары, құлақ элемент­тері­нің жағдайы, т.б.) және қор­шаған орта жағдайына (су беті, орман, тау, жазық жер, т.б.), тәу­лік мезгіліне (күн, түн) байла­нысты. «Шақырым» – «естілу қа­шықтығы» терминіне сәйкес келеді. Ол стандарттауға келмейді де және нақ­ты шамасы бекітілмеген. Не ай­тылып жатқанын айыруға келмейтін айқай дауыстың естілу қашықтығының мөлшерлі мәні әр түрлі, ол кейде 1-1,5 км. (Учебно-методические пособия. Общевойсковая подготовка. Министерство обо­роны Российской Федерации), кейде оның орташа мәні 1 км. (“Блок­нот Снайпера” ©2000,2001 HPBT Inc.) деп есептелінеді. «Ша­қырым» да стан­дартта жоқ. «Шақырым» сипаттамалық категория тұрғысында «атшаптырым», «таяқ тастам», «көш жер», «ар­қан бойы» деген сияқты ұғым­дардың қатарында. «Вокзал» сөзі қазақшаға «бекет» сөзіне сәйкестендіріліп (мыса­лы: автовокзал – автобекет) аударылып жүрген жағдайлар бар. Вокзал сөзі ағылшын тілінен енген, түпнұсқасы: Vauxhall, мағынасы қолданылуына сәйкес. «Бекет» орыс тіліндегі «Пикеттен», ал орыс тіліне француз тілінен енген, түп­нұсқасы: piquet, бұл тұстағы мағы­насы (күзет заставасы; патшалық Ресей кезінде пошта, ат-арба қа­ты­нас жолдарындағы пункттер), яғни «вокзалдан» басқа. Сөйтіп ағыл­шын сөзін мағынасы сәйкес келмейтін француз сөзіне аударып және бұл үрдісті орысшадан қазақ­шаға аудардық деп мәз болып жүргендер бар. «Термопара» сөзін – «бу қызуы» деп аударылған жағдайлар кездеседі. Дұрыс мағынасы – «терможұп» (пара – жұп), т.т. Тілімізді жаңғырту, байыту әри­не, маңызды. Бірақ «бояғыш, боя­ғыш дегенге сақалын бояптының» кебімен сөздердің бәрін қазақшалау мақсат емес, ол мүмкін емес те. Тек сауатты аудару керек. Ха­лық­аралық терминдер сол қал­пын­ша қалдырылғаны дұрыс. Қазақ өзі­нің ғылыми-техникалық жетістіктерін басқа тілдерге таңып беретіндей ештеңе істеп жатқан жоқ, жуық арада істемейді де. Осы жәйтті де ескерген дұрыс болар еді. Жанбай ӨЗДЕНБАЕВ, техника ғылымдарының кандидаты.
Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28