Медицина • 14 Сәуір, 2017

Жаңғырудың жаңа жолы

179 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әлемдік дамуда еш­кімге ұқ­самайтын «қазақ­стандық жо­лы­мыз­дың» өзіндік ерек­­шеліктері бар екені ақиқат. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жы­­лы 12 сәуірде «Егемен Қазақ­­стан» газетінде жарық көрген «Бо­­­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­­ғыру» мақаласында солар­дың бірі әрі бірегейі рухани ке­мелдену­ге бас­тайтын жолымыз егжей-тег­жейлі жария етілді.

Жаңғырудың жаңа жолы

Ақпарат дәуірі аталатын ХХІ ғасыр бізге өзінің жедел­ді­гімен, жүйріктігімен, өзгеріс­терімен бірге, өзінің жаңа деңгей­дегі талаптарымен келіп отыр. Та­ң­ертеңгі жаңалық түске дейін ес­кіріп қа­ла­тын заман адам­нан білікті болу­мен қатар ширақ­тықты да талап етеді. Осын­дай күрделі уақыт­та біздің мем­ле­кеті­міздің, халқы­мыз­дың ал­­дын­­да рухани жаңғы­руға бас­тай­тын аса жауапты істер күтіп тұр. 

Тарихи қалыптасқан біздің ұлт­тық дәстүрлеріміз ақпарат дәуі­­рінде осы замандағы озық дәс­түрлермен үйлесім табуы үшін қажыр­лылықпен еңбек­тенуге тура келеді. Еліміздің жо­ға­ры жетіс­тіктерге жетуіне оның таби­ғи байлығы емес, адами капитал сапасы, адамдарының білімі мен бәсекеге қабілеті, оны іс­ке асы­ратындай ден­саулық сапасы ықпал етеді. Сон­дықтан, біз­дің әрбір отан­дасы­мыз, әрбір қазақ­стандық алды­на үлкен мақ­­сат қо­йып, та­быс­қа жетуге ұм­ты­луы керек, сөй­­тіп, ХХІ ға­сырға лайық­ты болуы тиіс.

Мемлекет басшысының биыл­­ғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан туын­­дай­тын міндеттер мен «Цифр­­­­лы Қазақстан», «Үш тілде бі­лім беру», «Мәдени және кон­фес­­­сия­ара­лық келісім» сияқты бағ­­дар­­ла­малар ұлтымызды, яғни бар­ша қазақстандықты ХХІ ға­­сыр­дың талаптарына даяр­лауды көздейді.

Рухани жаңғыру жолында бізге елді елең еткізетіндей то­сын жаңалық жасау емес, баба­лардан ми­рас болған ізгі қа­­сиеттерді қайта түле­тіп, асыл­дары­мыз­ды ардақ­тап, ұлт­­тық қазына­лары­мыз­ды қас­терлеп, бары­мыз­­дың қадір­лейтін, адам­затқа игілік пен адам­гершілік әкеле­тін алтын діңгек болған дағды­лы дәстүр­лерімізді өркен­дету міндеті тұр. Салт-дәстүр­лері­­міз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз бен мәдени құн­ды­лық­тарымыз бар­шаның игілігіне айналып, құрметтелуі тиіс.

Бүгінгі ұрпақ әр саладан хабардар бола отырып, өз мақ­сатына жетуге, білім алуға, сала­матты өмір салтын ұс­тану­ға, кәсіби тұрғыдан жетілу­ге ба­сымдық бере отырып, осы жолда әр нәр­сені ұтымды пай­да­лана білуі шарт. Біздің болмы­сымызға тән ұс­там­дылық, қана­ғат­шылдық пен қара­­пай­ым­дылық, үнемшілдік пен орынды пайдалана білу біздің өз бей­немізді танытады, міне­зіміз бен мә­дениетімізден хабар­дар етеді. Ұлт­тық код сипа­тындағы ең ізгі бел­гілер мен игі қасиеттерді сақ­­тай білу – біздің ортақ пары­зымыз.

ХХІ ғасырда ешкімге ұқса­майтын, дербес орны бар ұлтқа айналуды көздейтін «Жа­һан­дағы заманауи қазақстан­дық мәдениет» жобасы іске асы­рылады. Біздің мәдени құнды­лықтарымыз бен қазына­лары­мыз да әлемге кеңінен қанат жаятын болады. Мәдени өнім­деріміз мультимедиа құралдары арқылы көрініс табады.

Дүрбелеңге толы дүниеде барлық мемлекеттер де заманға сәйкес жаңғыруды қалай­ды. Уақыт жылдам өзгереді, ғасыр­лар даму ерекшеліктерімен есте қалады. Уақыт үдесінен шығу үшін жаңғыру біздің өзімізге керек, тарих та сонымен жасалады. Рухани жаңғыру біздің барша қазақстандықтарға жаңа міндеттер жүктейді. Біз ол биікті де бағындырамыз.

Қайрат ИЩАНОВ,

Парламент Сенатының депутаты