29 Сәуір, 2011

ІV Астана экономикалық форумы: Инновациялық конгресс – интеграциялық мәселелердің шешімі

341 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Астана экономикалық форумы аясында төрт жыл бойы өткізіліп келе жатқан дәстүрлі иннова­ция­лық конгресс биыл да өтетін болып жоспарланды. Инновациялық конгресс және «Инновация мен инвестиция» та­қы­рыбындағы көрме Астана эко­но­микалық форумының аясында 3-4 мамырда өтпек. Форумның пле­нарлық отырысында Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ян Кубиш, Нобель сыйлығының иегерлері Роберт Манделл, Джон Нэш, Роджер Кро­нберг, Джеймс Миррлис, Финн Килэнд қатысады деп кү­тілуде. Мұндай айтулы жиынға атағы жер жарған экономистер мен Нобель сыйлығының иегер­лерінің қатысуы инновациялық конгрестің маңыздылығын ай­қын­дай түспек. Бұл еліміздің эко­номикалық даму бағытын ай­қын­дап, инвестициялық саясаттың кемелдене түсуіне жол ашады. Сонымен бірге, форум аясында «Astana Invest 2011» тақы­ры­бында инвестициялық форум және бәсекелестік мәселесі жө­нінде семинар өткізілу де жос­парланып отыр. Кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілер сауда-эко­номи­ка­лық байланыс саласындағы қа­рым-қатынастың кеңеюі және Еуразия кеңістігінде өзара тиімді инвестициялық климаттың ор­на­уы, сондай-ақ, экономиканы да­мыту мақсатында өзара қарым-қа­тынас мәселелерін талқыға салмақ. Инновациялық конгрестің бағ­дарламасында мемлекетара­лық сая­сат, интеграциялық үдеріс және халықаралық инновациялық бірлескен шаралар тетігі тал­қы­ланатын пленарлық отырыс та көзделген. Бұнда негізгі мақсат ин­теграциялық мүмкіндіктердің жаңа бағыттарын іздестіру болып отыр. Конгреске 300-ден астам ха­лықаралық және Қазақстан са­рап­шылары, шенеуніктер мен ұлт­тық компания өкілдері қаты­сады. Конгресс аясында Нобель сыйлығының лауреаты, Сколкова ғылыми-техникалық кеңесінің тең төрағасы Роджер Кронберг «Ұлттық инновация жүйелерінің интеграциясы» тақырыбында баяндама жасайды. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ пен халықаралық инновация­лық институттар арасында келіс­сөздер мен меморандумдарға қол қою, бірлескен жобаларды жү­зеге асыру мақсатында индус­триялық-инновациялық жобалар көрмесі өткізілмек. Конгресс барысында жаһан­дық және аймақтық интеграция мәселелері бойынша сессия өткізілмек. Оның басты мақсаты – жаңа интеграциялық шешімдер мен мемлекеттердің бәсекелес­тік­ке қабілетті жетекші болу мүм­кіндіктерін қарастыру, сон­дай-ақ, Қытай, Ресей және Ор­талық Азия елдерімен сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту. Былтыр осы конгресс аясында Ресей, Беларусь, Польша, Чехия, Швейцария, Украина, Эстония, Австрия, Әзірбайжаннан келген бизнесмендер делегациясы мен басқа да мемлекеттер өкілдері өзара тәжірибе алмасып, эко­но­микалық проблемаларды шешу­дің жолдарын қарастырған еді. Ашық әңгіме барысында дағ­да­рыстан кейінгі кезеңде жеке бизнесті Еуропа мен Азия мемлекеттері арасында өзара дамыту қа­рым-қатынасы талқыланды. Би­ыл­ғы мақсат та сол болмақ. Форум аясында ірі қазақ­стандық компаниялар мен шетел компаниялары арасында келіс­сөз­дер мен меморандумдарға қол қою, инфрақұрылымдар мен банк секторына инвестиция тарту көзделіп отыр. Былтырғы форум нәтижесі бойынша, өзара іс-қи­мыл жөніндегі келісімдер мен меморандумға, Еуропа инвести­ция­лық банкімен құны 1,5 миллиард доллар тұратын инвес­ти­циялық жобаларды қаржылан­ды­ру жайындағы келісім-шартқа қол жеткізілген болатын. С.АЛМАСОВ.