Технология • 21 Сәуір, 2017

Латын әліпбиін ұялы телефон үйренсе...

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Латын әліпбиіне көшуге қазіргі заманғы мультимедиялық құрылғылар мен әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану керек. Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі «Латын әліпбиі: бүгін және ертең» атты дөңгелек үстелде атыраулық тіл мамандары мен тарихшылар осындай ұсыныс айтты.

Латын әліпбиін ұялы телефон үйренсе...

Тарих ғылымдарының кандидаты Болат Нығметов ел болашағын ойлағанда алдымен жастарды назарға алуымыз керек дейді. «Ұялы телефондарға латын әліпбиін үйрететін арнайы қосымшалар жасалса, жастар тез меңгеріп алар еді. Елбасының үш тұғырлы тіл саясаты да осы ретте өз тиімділігін көрсетеді, ағылшын тілін оқығандар үшін жаңа әліпбиде жазу қиындық келтірмейді. Сондай-ақ, балабақшадан бастап латын қаріпін үйретуді қолға алған дұрыс. Ал үлкен адамдарға қысқа мерзімді курстар тегін ұйымдастырылса, оқу-әдістемелік құралдар таратылса, алынбайтын қамал жоқ», - дейді ғалым.

Филология ғылымдарының кандидаты Жұмазия Әбдірахманованың ойынша, жаңа әліпбиге көзімізді тез үйрету үшін қазірден бастап көше атауларын, жарнамалар мен теледидардағы жүгіртпе жолдарды латын әрпімен жаза беру керек. Газеттерге қосымша бір бет сол әліппемен берілсе, үйрену қиын емес. Күнделікті әлеуметтік желіде де латынша жазу арқылы бейімделуімізге болады.

Дөңгелек үстелге қатысқан «Қазақ тілі» қоғамы облыстық бөлімшесінің төрағасы Әбілхан Төлеуішов пен облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Мәншүк Мұқанбетқалиевалар латын графикасына көшудің маңыздылығы жайында айтты. «Бұл істе Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінің тәжірибелерін негізге алған дұрыс» дейді мамандар.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ


Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024