Технология • 21 Сәуір, 2017

Астана полицейлері әкімшілік хаттаманы планшетпен толтырады

207 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

​Қазақстан полицейлері әкімшілік хаттамаларды онлайн режимде планшет арқылы толтыратын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана полицейлері әкімшілік хаттаманы планшетпен толтырады

Әкімшілік істерді электронды түрде жүргізуді тестілеу биыл жазда Астанада басталады. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді.  

"Планшеттер табельдік қарудан артық болады. Неге? Өйткені ол арқылы барлық құжаттар толтырылады. Мәселен жол полициясы. Біз Астана әкімдігімен келісіп қойдық. ЖСН енгізе болды, барлық мәліметтер шығады. Көлік нөмірін енгізсе де, ол туралы барлық мәлімет көрсетіледі. Ары қарай бапты ғана таңдау қалады", - деп түсіндірді Мусин.  

Мусиннің сөзінше, тәжірибелік жоба Астанада биыл жазда басталады. 

"Маусым-шілделерде Астанада тәжірибеден өткізе бастаймыз. Планшет таратып. Олар қауіпсіз. Онда мәліметтерді қорғау қарастырылған. Сонымен бірге, орынында қажеті төлем жасау үшін картридерлер де қарастырылған. Барлық мәлімет адамға көрсетіледі, ол қолын қояды. Электронды түрде болғандықтан, бірден мәлімет базасына түседі. Ол жерден барлық екінші деңгейлі банктерге. Банктер төлем қабылдаған соң, бірден бізге хабар жіберіп, айыппұлды алғызып тастайды", - дейді ол.  

Сонымен қатар, бұл жүйені қылмыстық істі жүргізуге де ендгізу бойынша жоспарлар бар.  

"Қылмыстық іс - өте күрделі, барлықтергеу амалдары саралануы керек. Автоматтандыру ісін бастап кеттік. Барлық органдар бір ақпараттық жүйемен жұмыс істейтін болады. Адвокатқа қандай да бір мәлімет қажет болса, электронды түрде ала алады. Органдардың барлық амалы тіркелетін болады. Бұл жалған құжат жасау мен жоғалуына жол бермейді. Қағаз құжаттар ары-бері облыс, аудан мен республикалық орталықтар арсында жүреді. Мұның бәрі жойылып, бәріне ортақ е-қылмыстық іс жүйесі ұсынылады", - дейді Мусин.


Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024