Қазақстан • 22 Сәуір, 2017

Қашағанда тәулігіне 370 мың баррель мұнай өндіріледі

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Каспий теңізінде орналасқан Қашаған кенішінде мұнай өндіру көлемі тәулігіне 370 мың баррельге жететін болады, деп хабарлайды «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Қашағанда тәулігіне 370 мың баррель мұнай өндіріледі

Коммерциялық мақсаттағы мұнай өндіру туралы шешім 2016 жылдың 1 қарашасында жарияланған болатын. Қазіргі таңда теңіз және жерде орналасқан кешендердегі құрылғыларды іске қосу жалғасуда. Мұнай өндіру ісі қайта қолға алынғалы бері 2 млн тоннадан астам мұнай мен 1 млрд текше метр газ өндірілді. Мұнай өндіру көлемін 2017 жылы тәулігіне 370 мың баррельге жеткізу үшін газды кері айдайтын екі компрессор іске қосылмақ. Мұнай өндіру ісін одан әрі көбейту мақсатында газды кері айдау қуаттарын кеңейтуге бағытталған жобалар жүзеге асырылады. Осы кезде аталған жобаның оңтайлы тұжырымжамасын қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. 


Соңғы жаңалықтар