Әлем • 22 Сәуір, 2017

Тайландта өтетін байқауға Қазақстан атынан Нұрсұлтан Телманов қатысады

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​22 жастағы Нұрсұлтан Телманов Таиландта өтетін «Mister Global 2017» халықаралық байқауына қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Тайландта өтетін байқауға Қазақстан атынан Нұрсұлтан Телманов қатысады

Жас жігіт ақпан айында «Мистер Семей-2017» және «Mister Global Kazakhstan-2017» титулын жеңіп алды. 

Нұрсұлтан Телманов «Мистер Семей» конкурсына қатысқан кезде батылдық пен ер азаматқа тән басқа да қасиеттерді насихаттайтынын айтқан болатын. 

«Мистер Қазақстан» ұлттық конкурсының Инстаграмдағы ресми парақшасында хабарланғандай, біздің еліміз 8-21 мамыр аралығында өтетін «Mister Global 2017» халықаралық конкурсына алғаш рет қатысады. 

Соңғы жаңалықтар