Әлем • 22 Сәуір, 2017

Қазақстан елшісі Ливан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейрут қаласында ҚР Иорданиядағы Елшісі Азамат Бердібай Ливан Республикасының Президенті Мишель Аунға Ливан Республикасындағы Елші қызметін қоса атқарушы ретінде сенім грамоталарын табыс етті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан елшісі Ливан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Кездесу барысында отандық дипломат М. Аунға ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ілтипатын жеткізіп, Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай, сондай-ақ еліміздің ауқымды халықаралық бастамалары жөнінде хабардар етті. Сонымен қатар, А. Бердібай Ливан Президентінің биыл 10-11 қыркүйекте Астанада өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының Білім және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысуына сенім білдіріп, Қазақстан-Ливан қарым-қатынастарын нығайту және ілгерілету шараларымен таныстырды. 

Ливан Президенті достық және өзара сенімге негізделген байланыстарды дамытуға бағытталған барлық бастамаларды қолдайтынын айтты.

Елші А. Бердібайдың Бейрут қаласына жасаған сапарында Ливанның Сыртқы істер министрі Джубран Басиль және СІМ-нің Бас хатшысы Шарбель Уахбемен кездесулері өтті. Сұхбат аясында тараптар Ливан Прездентінің ИЫҰ Ғылым және технологиялар саммитіне қатысу, екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өткізу, екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасын кеңейту, мүдделі министрліктер мен ведомствалар арасында өзара сапарлар ұйымдастыру мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар