Қазақстан • 22 Сәуір, 2017

Павлодарда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Қазақстанның Қызыл жарты ай қоғамы Павлодарда су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек көрсету акциясын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Павлодарда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Акция барысында жиналған қаражатқа зардап шеккен азаматтарға қажетті заттар алуға жұмсалады. Көмек қаржылай ақша аудару түрінде де, азық-түлік, жеке гигиена заттары, ЖЖМ түрінде де қабылданады. 

«Қазіргі таңда барлық қазақстандықтар адамзаттың табиғи апаттың алдында қауқарсыз екендігіне куә болып отыр. Соның ішінде, Павлодар облысы да бар. Біздің Ақтөбе, Қарағанды және Ақмола облысындағы отандастарымыз зардап шекті. Қиын жағдайға тап болған халық біздің қолдауымызға зәру. Зардап шеккендердің қайғысына ортақтасып, Павлодар және Павлодар облысының тұрғындарын көмек көрсетуге шақырамыз», - деді Қызыл жарты ай қоғамының Павлодардағы бөлімшесінің басшысы Гүлнәр Исақанова.


Соңғы жаңалықтар