Қазақстан • 22 Сәуір, 2017

Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшылары кездесті

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшылары кездесті

Қырғыз сыртқы саяси ведомствосының басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген болатын. 

«Қазақстан үшін Қырғызстан - стратегиялық әріптес және одақтас. Бүгін елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастық дамуының қарқынды үдерісі байқалуда», - деді Қ. Әбдірахманов кездесуде.

Кездесу барысында министрлер Қазақстан-Қырғыз күн тәртібінің өзекті мәселелерін конструктивті және сенімді сипатта қарастырды. 

Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

Сұхбаттасушылар шекаралас ынтымақтастығын кеңейту және екі ел азаматтарының қатынасуы мен өзара сапарлар үшін жағымды жағдайлар жасау бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға келісті.

Сондай-ақ, сыртқы саяси ведомстволар басшылары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзара іс-қимыл мен 14 сәуірде Бішкекте өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады. 

Сонымен қатар, тараптар Орталық Азияның ортақ мүдделерін жылжыту бойынша соның ішінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі 2017-2018 жж. мүшелігі мәнмәтінде үйлестіруді жалғастырудың маңыздылығын атап шықты.        


Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024