Бокс • 23 Сәуір, 2017

"Арландар" "айдаһарларды" жеңді

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Астана арландары" боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясының топтық раундының қорытынды кезеңінде (WSB) "Қытай айдаһарларын" жеңді.

"Арландар" "айдаһарларды" жеңді

Бокс 22 сәуір кеште Саньеде өтті. 

Бокс кешінде бірінші болып 52 келіге дейінгі категорияда қытайлық Гуо Жан Әнуар Мұзапаровты жеңді - 3:0 (49:46, 46, 49:46). Ал екінші жекпе-жекте Закир Сафиуллин 60 келіге дейінгі салмақта Сен Ванды жеңіп (49:46, 49:46, 47:48), есепті теңестірді.  69 келіге дейінгі категорияда Ричабилиге Хуричабилиг Асланбек Шымбергеновты 3:0 (49:48, 49:48, 49:48) есебімен жеңіп, командасын алға шығарған.  Осыдан кейін 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Арман Рысбек Лид Ванды нокаутқа түсіріп, есепті теңестіріп кетті.  

Соңғы шешуші жекпе-жекте ауыр салмақта Олжас Букаев төртінші раундта Жибао Ванды техникалық нокаутпен тізе бүктіріп командаға жеңіс сыйлады. 



Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024