Қаржы • 25 Сәуір, 2017

Үндістандықтар жеңіл өнеркәсіпке қаржы салады

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев тоқыма өнеркәсібін дамыту бойынша құрылған қазақ-үнді жұмысшы тобының өкілдерімен кездесті.

Үндістандықтар жеңіл өнеркәсіпке қаржы салады

Өңір басшысы Үндістан Жеңіл өнеркәсібі министрлігінің бірлескен хатшысы Гупта Субрата мырзаға өңірдің экономикалық даму барысы мен инвестициялық тартымдылығын баяндады. 

«Қазақстандағы тоқыма өнеркәсібі дамуының маңызды әлеуеті Оңтүстік Қазақстан облысында. Біздің өңірде мақта шаруашылығы жақсы дамыған. Облысымызда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылып, онда тігін цехтары мен фабрикаларымыз жұмыс істеп жатыр. Ендігі мәселе - жеңіл өнеркәсіпті дамытуда Үндістан мемлекетімен тығыз қарым-қатынас орнатып, ортақ жобаларды бірлесіп іске асыру. Бұл ретте өңірде шетелдік инвесторларға барлық қолдаулар жасаланады. Өнеркәсіпке қажетті жер телімі беріліп, барлық инфарқұрылымдық қажеттіліктермен қамтамасыз ететін боламыз», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Екі жаққа да тиімді кездесуде «жұмысшы тобының негізгі мақсаты – Қазақстан мен Үндістан мемлекеттері арасындағы жеңіл өнеркәсіп саласындағы қарым-қатынас пен сауда-экономикалық байланыстарды нығайту болып табылады. Бүгінгі таңда Үндістанда жеңіл өнеркәсіптің жылдық сауда айналымы 140 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Үндістан тоқыма, мақта, мата өнімдерін өндіретін 1000-ға жуық компанияның фабрикалары жұмыс істейді. Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған бұл сапарымыз жемісті және нәтижелі болады деп сенемін»,- деді Үндістан Жеңіл өнеркәсібі министрлігінің бірлескен хатшысы Гупта Субрата.

Бақтияр Тайжан,

"Егемен Қазақстан" 

Оңтүстік Қазақстан облысы

Бақтияр ТАЙЖАН, 

«Егемен Қазақстан». 

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18