Әлем • 26 Сәуір, 2017

Димаш Канн фестивалінде өнер көрсетеді

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Канн кинофестивалінде алғаш рет қазақстандық павильон ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Канн фестивалінде өнер көрсетеді

Қазақстан павильонының ресми операторы - «Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдарының академиясы» Қоғамдық бірлестігі (ҚБ). Аталған ҚБ 70-ші Канн халықаралық кинофестивалінде еліміздің киноиндустриясын таныстырмақ. Бірінші Қазақстандық павильон «Le Village International» кинонарығы аумағында Фестивальдер сарайы қасында болады. 

19 мамыр күні Францияның Ұлттық кинематография орталығының алаңында Қазақстан павильонының ашылуына орай ресми қабылдау шарасы өтпек. Бағдарламада камералық ішекті ансамбльдің сүйемелдеуімен Айман Мұсақожаева мен Димаш Құдайберген өнер көрсетеді. 

Оған Канн кинофестивалі мен кинонарығының қонақтары, қызметшілері, Франциядағы ҚР елшілігінің өкілдері, Көкшіл жағалаудағы муниципальды биліктер мен кинокомиссиялардың өкілдері шақырылған. 

«Қазақстан Ұлттық павильоны - Канн кинонарығында қазақстандық кинематографистердің жұмыс істеуіне арналған алаң. Оператор ретіндегі киноакадемияның міндеті, еліміздің киноиндустриясының қатысушыларына, оның ішінде киноөндірушілерге, прокат жасаушыларға, рентал студияларға, киножелілерге павильонды пайдалануға мүмкіндік туғызу», - деді киноакадемия президенті Рашид Нұғманов. 

Ең алдымен, павильон аумағында кәсіби кездесулер өткізіліп, фильмдерді, жобаларды ілгерілету мен қызметтер жөнінде келіссөздер жүргізуге жол ашылмақ. 

Соңғы жаңалықтар