Қазақстан • 01 Мамыр, 2017

Дәурен Абаев: Ынтымағы ырысқа ұласқан еліміз үшін бұл мерекенің қашанда маңызы зор

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев фэйсбук парақшасында барша қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады.

Дәурен Абаев: Ынтымағы ырысқа ұласқан еліміз үшін бұл мерекенің қашанда маңызы зор

«Ардақты ағайын!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Барша халқы бір атаның баласындай ұйысып, ынтымағы ырысқа ұласқан еліміз үшін бұл мерекенің қашанда маңызы зор, мәні терең.

Елімізде орнаған бірлік пен татулық, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық - бүгінге дейін қол жеткізген барлық жетістіктеріміздің алтын арқауы.

Осынау мерекеде баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін

Бірлігіміз нығая берсін, еліміздің іргесі берік болсын!» деп жазды министр фэйсбук парақшасында.

Соңғы жаңалықтар