Тәрбие • 02 Мамыр, 2017

12 мамырда республикалық ата-аналар жиналысы өтеді

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 12 мамыр күні республикалық ата-аналар жиналысы өтетінін айтты.

12 мамырда республикалық ата-аналар жиналысы өтеді

 "Осы сәтті пайдалана отырып, министрліктің 12-ші мамырда ата-аналардың республикалық жиналысын өкізуді жоспарлап отырғанын айтқым келіп отыр. Бүгінде ата-аналар жиналыстарына адамдардың қатысу деңгейі өте төмен, адамдардың тек 10 пайызы ғана қатысады. Енді, мамырдың 12-сі күні, барлық мемлекеттік органдар мен мекеме басшыларына ата-аналарды жиналысқа уақытында жіберуге Үкімет тарапынан тапсырма беруді сұраймыз. Осы жиналыста мектептердің қамқоршылық кеңесін сайлау мен білім саласының өзекті мәселелерін талқылау жоспарланып отыр", - дейді министр.