Үкімет • 02 Мамыр, 2017

Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығын құру жоспарлануда

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіл кітапхана қауымдастығының басын қосу мақсатында Қытай, Түркия, Ресейде, Финляндия, Корея, Армения, Малайзия, Венгрия, Қырғызстанда 9 қазақ әдебиеті орталығы ашылды. Сонымен қатар Ұлттық мұрағат базасында Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығын құру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығын құру жоспарлануда

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында мәдениет нысандарын дамыту және жаңғырту бойынша шаралар қарастырылды.Барлық құқығы қорғалған.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның, алыс және жақын шетелдердің кітапханаларын қамтумен «кітапхана туризмі» ауқымды халықаралық жобасы іске қосылды. Сонымен қатар 

«Мәдениет туралы» Заңға ҚР Парламенті Сенаты деңгейінде мақұлданған сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Түзетулерге сәйкес, мәдениет ұйымдарын құру, тарату мен қайта құру мәселелері тек Министрліктің келісім арқылы ғана шешіледі. Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді сатып алу тәртібін реттейтін норма әзірленуде, мұндай әдебиеттер ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия деңгейінде, қаламақы төлеуді ескерумен жүзеге асырылады.

Бір айта кетерлігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілі бір күндері азаматтардың барлық санаттары үшін, ал оқушылар үшін – тақырыптық сабақтар мен мектеп каникулдары күндері театрлар мен музейлердің тегін болуын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауды жоспарлауда.




Соңғы жаңалықтар

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20