Мәдени нысандардың танымалдылығын арттыру шаралары туралы баяндама жасаған ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев музейлерге жұмыс істеуге келетін және олардың жұмысына жаңа серпін беретін білім алушылар саны бір есеге артқанын айтты. 2016-2017 оқу жылында өнер мамандықтары бойынша білім алушылар контингенті – 19 мыңнан асады, ал өткен жылы небәрі 2,5 мың адам бітіріп шыққан. Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша колледждер мен техникумдарда 13 мыңға жуық адам оқып жатыр.
Мәдениет нысандарының өзінің танымалдылығын арттыру бойынша министр «Дүниетану», «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті», «География»,«Биология», «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек» тәрізді пәндер бойынша сабақтардың тақырыптарын музейлер базасында өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.
Бұл шара білім сапасын арттырып, өскелең ұрпаққа патриотизм сезімін, отанына деген сүйіспеншілікті және үлкендерге деген құрметті сіңіруге, музей ісін дамытуға ықпал етуге, сонымен қатар халықтың арасында музейге бару мәдениетін сіңіруге мүмкіндік береді, деді ведомство басшысы.
ҚР БҒМ басшысы музейлердің, кітапханалардың, спорт нысандары мен мектептердегі ғимараттардың, орта және жоғары білім орындарының жұмысы туралы мәліметтерді келтіріп өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігіне жалпы білім беретін мектептердің оқу процесіне жоғарыда аталған пәндер бойынша 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап сабақтар өткізуді қосу туралы хаттамалық тапсырма берілді.