Жылдағыша көктемгі дала жұмыстары да бастау алды. Осыған орай шаруа адамын Үкіметтің тапсырмасымен дизель отынының қанша көлемде бөлінгені мазалайтыны даусыз. Және оның бағасы қандай болады? Міне, осы сауалға орай «ҚазМұнайГаз» ҰК маркетинг және мұнай өңдеу жөніндегі басқарушы директоры Данияр Тиесов төмендегіше түсініктеме берді:
– Көктемгі дала жұмыстарының ойдағыдай өтуін дизель отынымен қамту мақсатында Мұнай және газ министрлігі ақпан айында арнайы мәжіліс өткізді. Оған мемлекеттік органдар мен әкімдіктер өкілдері де қатысты. Осы басқосуда ауыл шаруашылығы құрылымдарына берілетін дизель отынының 1 тоннасы 70 000 теңге болып бекітілді. Біздің Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарынан Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына жіберілетін дизель отынының мөлшерін 220 мың тонна көлемінде белгіледі. Аталған облыстарға тиісті көлемдегі дизель отыны наурыз айынан бастап жіберілуде.
Данияр Тиесовтің мәліметінше, Атырау мұнай өңдеу зауытынан Қостанайға – 70 мың, Ақмола облысына 30 мың тонна дизель отыны босатылады. Ал Павлодар мұнай өңдеу зауыты Солтүстік Қазақстан облысына 50 мың тонна, Павлодарға –15 мың, Шығыс Қазақстанға – 23 мың және Ақмола облысына қосымша 32 мың тонна жағармай жіберуге тапсырма алыпты. «Бағада ешқандай өзгеріс болмайды. Аталған зауыттарда дизель отынының қоры жеткілікті. Бөлінген дизель отыны ауыл шаруашылығы құрылымдарына кестеге сәйкес мезгілінде жіберіледі» деп және бір шегеледі басқарушы директор Д.Тиесов.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ.
Атырау облысы.

Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25