Қорғаныс министрлігі жанындағы Қару-жарақ қысқартуды және инспекциялық қызметті қамтамасыз етуді бақылау жөніндегі орталықтың өкілі жақында Түрік Республикасының Верификация орталығында өткізілген шолу курсына қатысты.
Курстың мақсаты ҰҚШҰ әскери-саясаттық өлшемі және Ашық аспан келісімі шеңберінде сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары бойынша келіссөздер 1999 жылғы Вена құжатын, Еуропада қару-жарақ туралы келісім ережелерін талдау болған еді.
Келіссөз барысында ДОВСЕ және ВД-99 негізгі теориялық және практикалық ережелері, инспекциялық және хабарландыру қызметі, қорғаныс саласында жоспарлау, сондай-ақ жыл сайынғы жоспарлар жөніндегі мәселелер талқыланды.
Қазақстан Республикасында қару-жарақты бақылау саласындағы жоғарыда аталған барлық халықаралық келісімдер мен келісім-шарттарды іске асырумен Қорғаныс министрлігі жанындағы Қару-жарақ қысқартуды және инспекциялық қызметті қамтамасыз етуді бақылау жөніндегі орталық айналысады. Орталық ВД-99 шеңберінде қарумен жарақтануды бақылау бойынша ұқсас курстарды жыл сайын өткізеді, деп хабарлады ҚР ҚМ-інің баспасөз қызметі.