Кеше Бас Прокуратурада Жеңіс және Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Ұлы Отан соғысында шайқасқан және тылда жеңісті жақындатуға көмектескен прокуратура органдарының 19 ардагері мерекелік іс-шараның құрметті қонақтары ретінде қатысты.
Еліміздің Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев ардагерлерді Жеңістің 66 жылдығымен құттықтап, майдандағы және тылдағы ерліктері үшін оларға терең алғыс сезімдерін жеткізді. Барлық ұрпақтар үшін 9 мамыр біздің халқымыздың Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, қаһармандығы мен ерлігінің мәңгілік белгісі ретінде қалатын ерекше жарқын мереке, деді ол.
Прокуратура қызметкерлерінің жартысына жуығы сұрапыл соғысқа аттанса, олардың көпшілігі майдан даласынан оралмады. Көптеген ардагерлер тыл еңбеккерлері ретінде соғыс кезінде аса қажетті жұмыстарды істеп, аянбай тер төкті. Терең құрмет және ризашылық белгісі ретінде Бас Прокурор соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ведомстволық наградалар мен құнды сыйлықтар тапсырды. Ардагерлер өздерінің жас әріптестерін құттықтап, прокурорлардың жас буынына Отан үшін от кешкендерді есте сақтап, соларға лайықты қызмет істеуді, прокурорлық кәсіптің жақсы дәстүрлерін сақтауды және дамытуды тіледі.
Отан қорғаушылар күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Бас Прокурор Асхат Дауылбаевқа 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені және Бас Прокурордың орынбасары Берік Асыловқа 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені тапсырылды.
Мінсіз қызмет еткендері және заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге үлес қосқандары үшін Бас Прокурор прокуратура органдарының 82 қызметкеріне ведомстволық наградалар табыс етті.
Ардагерлердің Астанадағы мерекелік бағдарламасында «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі, Бейбітшілік және келісім сарайындағы мерекелік концертке қатысу және елорданың көрікті жерлерін аралау жоспарланған.
«Егемен-ақпарат».

Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25