Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Тұңғыш қоры осындай атаумен Отан соғысының ардагерлеріне арнап, мерекелік шара өткізді. Жылдағы дәстүр бойынша өткен қауышуға қарт майдангерлер мен Қормен ынтымақтасып қызмет атқарып жүрген «Казахстанская правда» газеті атындағы майдан клубының мүшелері шақырылды.
Мерекелік көңіл-күй ҰҚК Әскери институтының үрмелі оркестрінің орындауындағы соғысқа дейінгі және соғыс жылдарындағы әуендердің үні естілгеннен-ақ басталып кетті. Эстрада әртістерімен бірге ардагерлер мен қонақтар соғыс жылдарындағы сүйікті «Қараңғы түн», «Катюша», «Көк орамал» әндерін шырқады. Әндерді тыңдаған сайын жеңіске жетуге рух берген әуенмен соғыс ұмытылып, махаббат еске түскендей, ардагерлердің жандары жадырап сала берсін.
Жиынды ашқан Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры Бектас Мұхамеджанов ардагерлерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, өз тілегін білдірді. Оның айтуынша, биылғы жылы Қор ардагерлердің 5 кітабын жарыққа шығарған. «Алдағы уақытта тағы 5 кітапты шығаруды жоспарлап отырмыз. Біздің қор мұрағатында кезегін күтіп жатқан көптеген материалдар бар», – деді ол.
Сондай-ақ, Жеңіс куәгерлеріне Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған «Батырлар портреті» атты көрме ұйымдастырып, мерекелік дастарқан жайылды. Ардагерлер Жеңіс күніне жетпеген боздақтарды еске алды, арнайы дайындалған солдат ботқасынан ауыз тиді.
Шара барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының атынан соғыс ардагерлеріне Дариға Назарбаеваның «Егер соғыс болмағанда» концертінің DVD-дискілері тапсырылып, сыйлықтар мен гүлдер сыйланды. Аталмыш қор Отан соғысының ардагерлеріне арналған қайырымдылық шараларын одан әрі жалғастыруда. Алдағы күндері еліміздің ірі бес қаласында классикалық музыкадан қайырымдылық концертін өткізбек.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.
Алматы.

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10